46
14-сурет. Ақуыздың
ыдырауы
Төменде жасушаның ақуыз түзілуіндегі, ақуыздың дұрыс фолдингі жəне
олардың ыдырау үдерістерінде өтетін іс-қимылдарының барысы беріледі:
1. Ақуыздың түзілуі қоршаған орта жағдайлары мұны қажет еткен жағдайда
ғана жүреді.
2. Көптеген гендер бірнеше ақуыздарды коделейді. ДНҚ матрицасында
синтезделетін мРНҚ өте көптеген кодондарға ие болуы мүмкін, сондықтан
дұрыс құрылымды ақуызы түзілуі үшін ол «редакциялануы» қажет.
3. мРНҚ жасушалық ферменттер арқылы «редакцияланады».
4. Пайда
болған ақуыздар, қоршаған ортаның жағдайы ақуыздың дұрыс
фолдингін қамтамасыз ете алғанға дейін, арнаулы шаперондармен тұтылып
тұрылады.
5. Фолдинг-шаперондары ақуыздардың дұрыс фолдингі үшін қажет.
6. Егерде ақуыз фолдингі дұрыс жүрмеген болса, дезагрегациялаушы
шаперондары оларды жазып (ашып), қайтадан дұрыс конформация алуына
мүмкіндік жасайды.
7. Көптеген ақуыздар мембранаға тіркесу үшін, рефолдингке ұшырауы қажет
болады.
8. Секреторлық шаперондары
жасушадан шығарылуы алдында, ақуыз
құрамына кіретін арнайы амин қышқылдық ретімен байланысуы қажет.
9. Қартайған немесе қате фолдингі жүрген ақуыздары, убиквитиндермен
тіркеседі жəне протеасоманың қатысуымен ыдыратылады.