Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет123/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Альбинизм
(
лат.
аlbus – ақ ағ. albinism) – организмнің өзіне тəн пигментінен
айырылуы, ақ түсті ағзаның пайда болуы.
Амфидиплоид
(
гр.
аmphi – айнала, жанында; diploos – қос; eidos – түр, ағ.
amphidiploid) – түраралық будандастыру нəтижесінде екі диплоидтық хромосомалар
жиынтығы қосылады да (2n × 2=4n), будан организм (жасуша) пайда болады. Оны
аллотетраплоид деп те атайды, себебі хромосомалардың диплоидтық екі жиынтығы
да екі бөтен түрлерден дарыған.
Аналық бездер (яичники)
– аналық жұмыртқасы мен жыныстық
гормондарын (эстроген, прогестерон) бөлуді, яғни екі қызмет атқаруға қатысатын,
кішігірім келген жұп мүшелер.
Аналық жұмыртқа (яйцеклетка)
– сперматозоидпен қосылып, эмбрионның
бастамасы болуына дайын, үлкен əрі қозғалыссыз болып келетін, ұрғашы дараның
гаплоидты жыныстық жасушасы.


248
Андрогенез in vitro
(
лат.
аndros – еркек; гр. genesis – тегі, ағ. in vitro
androgenesis) – аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада (
in vitro
) өсіргенде, тек
қана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.
Андрогормондар
– шауқат (сперматозоид) гармондары.
Анеуплоид
(
гр.
аn – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы, eu – жақсы,
əбден; ploos – еселі; eidos – түр, ағ. aneuploid) – ядро, жасуша, организм
хромосомалар жиынтығының (кариотиптің) бір немесе бірнеше хромосомаға артуы
не кемуі. Мысалы, диплоидтық хромосомалар жиынтығы жалғыз бір хромосомаға
кемісе – моносомик, бір жұп хромосомалары жойылса – нуллисомик деп аталады.
Антигендер
(
лат.
аnti – қарсы, қарама-қарсы, гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ.
antygene) – иммундық жүйеде антиденелерді түзуді қоздыратын ақуыздар,
антигендер антидене түзетін затпен арнайы өзара байланысуға қабілетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет