Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Дистиллятор – дистилденген су алатын қондырғы. Дисульфидті байланыс



Pdf көрінісі
бет133/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Дистиллятор
– дистилденген су алатын қондырғы.
Дисульфидті байланыс
– күкірттің екі атомы арасында пайда болатын
коваленттік байланыс айтылады.
Детерминация
– (анықтау, шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде
дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардың пайда
болуы. Детерминация үдерісі ооплазмалық сегрегация жəне бластомерлерге сапалық
айырмашылығы бар ядро мен циптоплазма арасындағы қарым-қатынастарға,
сонымен бірге жеке жасуша топтарының бір-біріне əсеріне негізделген
автономиялық өзгерістерден тұрады.
Дифференциация
(ағ. cell differentiation) – жасушалардың (өсімдіктер,
жануарлар, т.б) басқа жасушалардан ерекшеленіп, маманданған жағдайға көшуі.
Дифференциялану
(ағ. cell differentiation) – даму үдерісінде біртекті
жасушалардан морфологиялық белгілері жəне атқаратын қызметі əртүрлі
жасушалардың түзілуі (жасушалардың мамандануы).
ДНК-ның репарациясы
(лат. reparation – бұрынғы қалпына келу, ағ. DNA
repair) – барлық организмдердің жасушаларындағы нормалы биосинтез кезінде
немесе түрлі физикалық жəне химиялық себептерінен матрицалық ДНҚ-ның
зақымданған жерлерінің дұрысталып жаңадан түзілуі.
ДНК-ның репликациясы
(лат. replicatio – қайталану) ағ. DNA replication) –
ДНҚ-ның молекуласының екі еселеніп қөбеюі. ДНҚ-ның екі спиралі жазылады,
сутектік байланыстар ажырайды, жеке (матрицалық) тізбекке үйлесімді, сəйкес жаңа
тізбек (реплика) түзіледі.
ДНК лигазасы
(ағ. DNA-ligase) – ДНҚ-ның полинуклеотидтер бөлшектерін
(фрагменттерін) бір-біріне реттеп қосатын, жалғастыратын фермент.
ДНҚ
-
ның 
бірінші 
ретті 
құрылымы
полинуклеотидтік 
тізбектегі
нуклеотидтердің орналасу тәртібі айтылады.
ДНҚ
-үзіктері (цепи) бір-бірімен жəне ортақ остерін бойлай бұрала
орналасқан, екі қатарлы, дұрыс пішінді, спираль тəрізденген полимер. Ағзадағы
жасушалық жəне биохимиялық қызметтерінің жүзеге асуы мен сақталуын
қамтамасыз етеді.


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет