83
Сүт қышқылы өнімдері үшін шикізат көзі ретінде минералды тұздар, мия (солот)
жəне жүгері экстраты, қантты жертүйнек (картоп) сұрыпы, жемісті сусындар
өндірісінің қалдықтарын, сүт сарысуын жəне фильтрофильтратын қолдануға
болады. Бұл жағдайда ұйытқының құрамындағы негізі
Streptococus Lаctis
бактериясы болып табылады. Сүт қышқылды ашу үдерісі арқылы көптеген сүттен
алынатын өнімдері, май жəне ірімшік дайындалады. Сонымен бірге,
орамжапырақтарды (капуста) тұздауда, жемістерді консервлеуде негізгі роль
атқарады. Қоспаға жақсы органолептикалық қасиет беріп, адам жəне жануарлар
ағзаларына пайдалы əсерін тигізеді. Өнеркəсіпте сүт қышқылының өндірістері
ретінде тез өсетін жəне аз уақыт ішінде көп мөлшерде сүт қышқылын түзетін
гомоферментативті таяқша пішіндегі сүт қышқылы бактерияларының штаммдарын
қолданады. Ашу үдерісі біраз қышқылданған ортада, 2-7 тəулік арасында, 45-50
0
С
цельси температурасындағы мерзімді дақылдау жағдайында жүргізіледі. Ал сүт
қышқылын бөліп алу мен тазалау бірқатар қиыншылықтар туғызады. Сүт қышқылы
ашуының аралық өнімдері ортада бөгде микрофлораның өсуін тежейді. Ферменттер
қоспаға жақсы органолептикалық қасиет беріп, адам мен жануарлар организміне
пайдалы əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: