Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Пролактин – сүт бездерінің сүт шығаруына əсер ететін гормоны. Протеомика



Pdf көрінісі
бет145/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Пролактин
– сүт бездерінің сүт шығаруына əсер ететін гормоны.
Протеомика 
ғылымдағы ақуыздар түзілуі мен олардағы метаболизм
үдерісінің жүруін зерттейтін бағыт (сала).
Петри табақшасы
– эмбриондар, фолликулалар, сперматозоидтар жəне басқа
да зерттеу зерзаттарын жинақтауға (өсіруге) арналған, пішіні домалақ жəне жалпақ
болып келетін ыдыс.


263
Плазмида
(ағ. plasmid) – бактерияларда хромосомадан бөлек кездесетін,
өздігінен репликациялана алатын, кішігірім сақина тəрізді ДНҚ молекуласы.
Пролиферация
(лат. proles – бұын, ұрпақ, fero – алып жүремін, ағ.
proliferation) – бастапқы бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен
ұлпалардың жаңадан пайда болуы.
Протопласт
(гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, ағ. protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістер арқылы қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Партеногенез немесе ұрықтанбай даму
(гр. parthenos – бұзылмаған, genesis
шығу тегі) – аналық жыныс жасушаларының ұрықтанусыз көбейіп, организмнің
түзілуі.
Патотоксин
(гр. pathos – азап шегу, toxicon - у) – патогенді микроорганизмде
пайда болатын улы зат.
Плазмаген
(гр. plasma - жасалған) – жасушаның ядродан тыс бөліктеріндегі
(митохондриялар мен хлоропластарда) генетикалық элементтердің жиынтығы.
Плацента
(лат. placenta – күлше) – түйіндегі тұқым бүршігі пайда болатын
жəне орнығатын жері.
Плоидтылық
(лат. ploos – еселі, eidos - түр) – көп жасушалы организмнің
барлық жасушаларында немесе жеке жасушасында болатын хромосомалар
жиынтығы; бір түрдің барлық дараларында бірдей болады.
Полиплоид
(гр. polys – көп сан) – ядро, жасуша немесе организмдегі
хромосома жиынтығы санының гаплоидтық жиынтығына еселей көбеюі (екі есе,
төрт есе, т. с. с.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет