Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Шешілетін міндеті бойынша жіктеу



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

9.4.1. Шешілетін міндеті бойынша жіктеу 
Интерпретациялау және кӛзбен шолу сараптамалық жүйелер кӛбінесе, 
экономикалық жүйелерде қолданылады. Себебі, кәсіпорынды басқару 
барысында пайдалынатын есептеуіш коэффициенттерді талдау да, есте 
сақтауға да ӛте қиын. Ал коэффициенттер мәндерінің талдауы аса күрделі 
емес, ӛйткені кейбір коэффициенті мәні берілген шектен аспау керек және 
олар бір-бірімен ӛзара байланысты болады. 
Осындай жағдайда мәліметтерді кӛрнекті түрде ұсыну ӛте маңызды, 
яғни кӛзбен шолу. Ең қарапайым вариант – диаграммалар (діңгекті, 
дӛңгелекті, нүктелі және т.б.) жасау. 
Бірақ, егер коэффициенттер белгілі тәуелділікте болса, одан күрделіден 
кӛзбен шолуды пайдалану қажет (
9.5-сурет
). Егер 
9.5-сурет
үш баған 
цифрлерден тұрса, онда шешімді тез қабылдауға қиын болар еді.
9.5-сурет
. Бірнеше шектеулерге қанағаттанған шешімді таңдау 
Кӛзбен шолу әрқашан бола бермейді. Ең қарапайым вариант – 
кеңістіктің ӛлшемдігі үштен артық болса. Мысалы, цифрлердің тӛрт бағаны 
болсын, бірақ егер бағандардың арасында ӛзара тәуелділері болса, онда бұл 
тӛрт ӛлшемді кеңістік емес. Тәжірибеде бастапқы мәліметтердің кӛбі 
«тәуелсіз мәнді» болмайды. 
Бұл жағдайда цифрлер бағандарды толық түсініктемемен ауыстыру 
қажет, мысалы, мәтіндік түрде. Түсініктемелер қысқа болу керек және 
олардың ішінде себеп пен салдар, байланыстар, мүмкін шешімдер туралы 


106 
қорытындылыр болу қажет. Интерпретациялау есептерді шешу үшін 
математикалық және статистикалық мәліметтерді талдау теориясы бар. 
Ең бірінші жасалынған сараптамалық жүйелер - диагностика жасайтың 
жүйелер. Мониторинг жүргізетін СЖ бірге, олар техникалық объектілердің 
үздіксіз диагностикасын жасау үшін арналған, мысалы, ракеталарды іске 
қосуда және ұшу барысында. Жалпы айтқанда, осындай СЖ объекті кейбір 
класқа келтіру және ақаулықтың орын мен түрін табуды орындайды. 
Ақаулық – бұл нормадан ауытқу. Сондықтан осындай баян ету техникалық 
жүйедегі жабдықтың ақаулығын, тірі организмның ауруын және әртүрлі 
табиғи аномалияларды бірыңғай теориялық кӛзқараспен қарауға мүмкіндік 
береді.
Мониторинг жүргізетін СЖ ерекшелігі - жүздеген не мыңдаған 
датчиктерден үздіксіз түсіп тұратын кӛп параметрлерді еске алуда. Осындай 
жағдайда уақыттың нақты масштабында кӛбінесе, жұмыс істеу керек, сонда 
дабыл сигналын дәл кезінде беруге болады.
Жоспарлау және жобалау СЖ кӛзбен шолу және интерпретация 
жүйелермен 
кӛп 
ортағы 
бар. 
Мысалы, 
жаңа 
автокӛліктің 
электржабдықтарының сызбасын талдап, осындай жүйе сымдардың 
мехникалық бұзылу орындарын кӛрсете алады. Осы есепті шешу үшін 
арнайы «когнитивті» графика, варианттарды таңдау әдістері және ерекше 
әдістемелер пайдаланылады, оған тәжірибелі инженерлер жүйені үйретеді. 
Қазіргі СЖ мұны сценарийлер моделі кӛмегімен орындайды. Егер жоба 
экономика саласында жүзеге асырылса, онда сызбалар орнына біз бизнес-
жоспарды қолдаймыз.
Болжам жасайтың СЖ берілген жағдайдан ықтимал салдарды 
шығарады. Болжамдайтың жүйеде әдетте, параметрлік динамикалық модель 
пайдалынады, 
онда 
параметрлердің 
мәндері 
берілген 
жағдайға 
«сыналастырылады».
Оқыту СЖ қандай да пәнді оқып үйрену кезінде ЭЕМ кӛмегімен 
қателіктерді анықтайды және дұрыс шешімдерді кӛрсетеді. Олар оқушы 
туралы білімдерді жинайды (сипатты қателерін, нашар мағлұматын) және 
оларды жоятын сәйкес құраларды табады.
Жалпы жағдайда білімдерге негізделген жүйелерді екі топқа: 
талдау
есептерді шешетін және 
синтез
есептерді шешетін жүйелерге бӛлуге болады. 
Олардың арасындағы негізгі айырмашылығы мынадай - талдау есептерде 
шешімдердің кӛптігін атап ӛтіп, жүйеге қосуға болады, ал синтез есептерде 
шешімдердің кӛптігі потенциалды және компонент немесе проблема 
шешімдерінен құрылады. Талдау есептеріне: мәліметтерді интерпретациялау, 
диагностика; синтез есептері: жобалау, жоспарлау жатады. 
Құрастырылған есептер: оқыту, мониторинг, болжам жасау. 
Автономды СЖ пайдаланушымен кеңес беру тәртібінде тек «сарапшылық» 
есептер үшін жұмыс істейді, оларды шешу үшін мәліметтерді ӛндеу дәстүрлі 
әдістерді (есептеу, модельдеу және т.б.) қолдамауға болады.


107 
Гибридты СЖ бұл бағдарламалық кешен, олар стандартты қолданбалы 
бағдарламалардың пакеттерін (мысалы, математикалық статистика, сызықты 
бағдарламалау немесе мәліметтер қорын басқару жүйелер) құрастырады. 
Бірақ, осындай жүйелерді жасау ӛте күрделі. 
Сараптамалық жүйелердің жасауының қазіргі күйі мұндай: 
диагностика есептері, интерпретация, жобалау —> мониторинг, оқыту; 
статикалық —> динамикалық; 
автономды —> гибридты. 
Статикалық СЖ, есепті шешу кезінде білімдер қоры және мәліметтер 
ӛзгермейтің, заттық салада жасалынады. Олар тұрақты болады. Мысалы, 
автокӛліктің ақаулықтарың диагностикалау.
Квазидинамикалық СЖ, кейбір қойылған уақыт барысында ӛзгеретін 
жағдайды интерпретациялайды (түсіндіреді). Мысалы, микробиологиялық 
СЖ. Зертханалық ӛлшемдер технологиялық процесс барысында 4-5 сағатта 
бір рет алынады және алынған кӛрсеткіштердің динамикасы талданады.
Динамикалық СЖ, есепті шешу кезінде ӛзгеретін мәліметтермен, кейде 
нақты уақыт тәртібінде жұмыс істейді. Мысалы, икемді ӛндірістік жүйелер, 
аурухана палатасында мониторинг және тағы басқалар. 
Кейбір жақсы танымал СЖ 
9.3-кестеде
кӛрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет