10.3 Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар Динамикалық жадыға орналастыруға жəне босатуға ар-налған стандартты процедуралар Программа орындалу барысында, динамикалық жадыны қол-данатын кездер болады, мысалы: жадыны керекті түрде бөлу, ол жерге қандай да бір мəндерді орналастыру, олармен жұмыс істеу жəне ол мəндер керек болмаған жағдайда жадыны босату, т.с.с.
Динамикалық жадыны екі тəсілмен бөлуге болады:
NEW процедурасының көмегімен:
New (P); мұндағы Р - «типтелген көрсеткіш» типті айнымалы.
Бұл процедура жаңа динамикалық айнымалы жасайды (ол үшін жадыдан орын бөледі) жəне оған P көрсеткішін орналастырады (P-да жадының бөлінген ауданының адресі жазылады). Бөлінетін ауданнық мөлшері мен құрылымы, P көрсеткіші байланысқан
294
типтегі мəндерге берілетін жады көлеміне байланысты. Жасалған айнымалы мəніне P^ көмегімен қол жеткізуге болады.