BEGIN <программаның орындалатын бөлімі> – операторлар бөлімі
END. Программа мəтіні ұзындығы 127 символдан аспайтын жол-дар түрінде жазылады. Турбо Паскальда сипаттау бөліктері-нің жазылу реттілігі жоғарыдай болуы міндетті емес, олар кез келген түрде жəне əр бөлік бірнеше рет қайталануы немесе мүлде болмауы да мүмкін. Операторлар бөлімі (BEGIN сөзінен басталып, END сөзімен аяқталады) өзара нүктелі үтір арқылы
236
бөлінген операторлардан тұрады. Программаның орындалатан бөлімі міндетті түрде болуы керек деп саналады.
Компилятор жұмысын директивалар арқылы басқаруға бо-лады. Оларды бастапқы мəтінге арнайы синтаксисі бар коммен-тарий ретінде қосады. Егер процедура немесе функция жеке файл түрінде сақталса, онда олардың сипаттамасын бастапқы мəтінге қосу үшін, компиляторға INCLUDE директивасы төмендегідей түрде процедура жəне функцияның сипаттау бөлігінде жазылуы тиіс: