PROCEDURE <процедура аты> [( <формальді параметрлер тізімі >)];
Мысалы:
PROCEDURE PR1 ( A,B,C : INTEGER; VAR S: REAL); мұндағы PR1 – процедура аты, ал А,В,С,S – параметр болып
табылатын айнымалылар аты.
Процедураның негізгі программадан айырмашылығы, проце-дурада тақырып міндетті түрде жазылады жəне нүктелі үтірмен аяқталады. Процедура сипаттамасы формальді параметрлермен орындалады.
Процедура операторы процедураны негізгі программадан не-месе басқа процедурадан (функциядан) шақыруды іске асырды.
Шақыру төмендегі форма бойынша іске асырылады:
<процедура аты > [(<нақты параметрлер тізімі>)];
Жоғарыда келтірілген процедура аты үшін төмендегідей
шақыру операторын жазуға болады:
PR1 (A,B,C,S);
Процедура тақырыбындағы тізім форматының процедураны шақырудағыдан айырмашылығы бар. Шақыру кезінде айны-малылар, тұрақтылар жəне өрнектер үтір арқылы жазылады, ал тақырыпта, айнымалылардың жазылуы айнымалыларды си-паттау бөліміндегі айнымалыларды жариялауға ұқсас келеді. Тізімдегі барлық элементтер үшін мəндер типі көрсетілу керек. Бір типке жататын айнымалылар үтір арқылы жазылады, ал əр түрлі типтегі мəндер тобы нүктелі үтір арқылы ажыратылады. Процедура орындалғаннан кейін, басқару процедураны шақыру операторынан кейін ораласқан жолға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |