айнымалы белгілі бір мəнге ие болғанша, анықталмаған болып саналады. Оған мəн беру мынадай тəсілдермен
орындалады:
сырттан енгізу арқылы;
тұрақты мəнді (константаны) меншіктеу арқылы;
бұрын анықталған айнымалының мəнін беру арқылы;
кез келген сəтте айнымалының белгілі бір мəні болады не-месе ол анықталмаған болып есептеледі;
айнымалыға соңғы берілген мəн оның алдыңғы мəнін жой-
ып (өшіріп) жібереді. Айнымалыны таңдау (оқу) жəне оны пайдалану айнымалының мəнін өзгертпейді.
Бұл пəннің заттық негізі болып (ЭЕМ-де шығару мақсатын-да) алгоритмдер мен программаларды құрастыру тəсілдері мен құралдары саналады. Программалар құру үшін программалау жүйелері пайдаланылады.