Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет7/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

1.3. Алгоритмдерді бейнелеу жолдары
Алгоритмдерді ЭЕМ-де орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді жазып өрнектеу, яғни оларды бейнелеу түрлеріне төмендегі тəсілдер жатады:


  1. табиғи тіл сөздері арқылы;




  1. формулалық-сөздік тəсіл арқылы;




  1. графикалық түрде бейнелейтін блок-схемалар арқылы;




  1. псевдокодтар арқылы;




  1. құрылымдық диаграммалар арқылы;




  1. программалау тілі арқылы.

Алгоритмдерді табиғи тіл сөздері арқылы бейнелеуде – есептеу кезеңдері мазмұны кез келген түрде табиғи тілде жазы-лады.


Осы тəсілмен келесі мысалдың алгоритмін жазып шығайық. Сандар жиымы (массиві) берілген делік. Осы жиым сандарының көрсетілген аралықта, яғни интервалда толығынан жататынын/ жатпайтынын тексеру керек. Интервал өзінің шекаралық А жəне В мəндерімен берілген.


7

  1. Бірінші санды аламыз.




  1. Осы сан интервалға кіретінін салыстыру жолымен тексереміз; егер жауабы «Иə» болса, онда 3-пунктке көшу, əйтпесе (жау-абы – «Жоқ» болса) – 6-пунктке көшу.




  1. Жиымның барлық элементтері қарастырылды ма? Егер жауа-бы «Иə» болса, онда 5-пунктке көшу, жауабы «Жоқ» болса,

4-пунктке көшу.




  1. Келесі элементті қарастырамыз. 2-пунктке көшу.




  1. Мынадай хабарлама шығару: барлық элементтер осы интер-валға кіреді. 7-пунктке көшу.




  1. Мынадай хабарлама шығару: элементтер интервалға толы-ғынан кірмейді.




  1. Соңы.

Бұл тəсілде көрнекілік жоқ, яғни толық формальдау мүмкін-


дігі жоқ. Жалпы алгоритмді табиғи тілде өрнектеу ЭЕМ-дерде қолданылмайды, өйткені онда дəлдік, нақтылық болмайды.
Алгоритмдерді формулалық-сөздік тəсіл арқылы бейне-ленуі – тапсырманың математикалық символдар мен өрнектер-дің жəне сөздердің араласуымен берілуі болып табылады.
Мысалы, үшбұрыш ауданын оның үш қабырғасының ұзын-дығы арқылы есептеу алгоритмін құру керек болсын делік.


  1. – үшбұрыштың жарты периметрін есептеу p=(a+b+c)/2

  2. – үшбұрыштың ауданын есептеу



S = p(p a)( p b ) p c


  1. – нəтиже ретінде S мəнін шығарып, алгоритм жұмысын аяқтау.

Бұл тəсілді пайдаланғанда, алгоритмді кез келген деңгейде айқындап көрсетуге болады, бірақ формальды түрде анық бейне-леу қиын.


Алгоритмді графикалық түрде блок-схемалар арқылы көрсету – оның логикалық құрылымын графикалық түрде бей-нелеу болып саналады. Бұл – алгоритмдерді өрнектеудің ең көп тараған түрі. Мұнда мəліметтерді өңдеудің əрбір кезеңі атқарыла-тын операцияға сəйкес əр түрлі геометриялық фигуралар (блок-тар) түрінде көрсетіледі.


8

Əр блоктың ішіне орындалатын іс-əрекеттің (амалдың) маз-мұны жазылады. Символдардың (блоктардың) бір кіру жəне бір шығу сызықтары болуға тиіс.
Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлекеттік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геомет-риялық фигурамен өрнектеледі. Ол фигуралар немесе блоктар амалдар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызық-тармен байланысып, бірінен соң бірі орналасады. Жиі қолданы-латын амалдар, яғни мəліметтерді ЭЕМ-ге енгізу, формуламен есептеу, шарттардың орындалуын тексеру, нəтижені қағазға басу символдары 1-кестеде көрсетілген. Осы суреттегі көрсетілген блоктардан (символдардан) алгоритм схемалары құрастырыла-ды. Алгоритмдер схемасымен ақпаратты өңдеудің əрбір сатысы немесе орындалатын операциялар реті анықталады. Кейде алго-ритмдер схемасын оның блок-схемасы деп те атайды.
1-кесте







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет