Қатынас операциялары нақты жəне бүтін сандар үшін, логикалық мəндер, символдар кодтары, сөз тіркестері жəне жи-ымдар үшін анықталған. Олардың нəтижесі – егер қатынас ақиқат болса – true, ал егер жалған болса – false болады.
Сандардың бейнелену разрядтылығы шектеулі болғандықтан, нақты сандар дəл өрнектелмейді, сондықтан нақты сандардың
5–1618 65
теңдігін/теңсіздігін тексеру сандарды аздап ірілендіріп дөңгелек-теу арқылы атқарылуы тиіс, мысалы:
(x-y)>1e-10 { x <> y орнына } (x-y)<1e-10 { x = y орнына }
Егер осылай дөңгелектеу көрсетілмесе, онда ол санның бөлшегіндегі таңбаларға байланысты (3.3-кестені қара) автомат-ты түрде анықталады да, дəлдігі ойлаған жерден шықпай қалуы мүмкін (2.7 параграфты қара).