3.1-кесте
|
|
|
|
|
Константа
|
Диапазоны (ауқымы)
|
Жады
|
Ескертулер
|
|
типі
|
көлемі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Shortint
|
-128..127
|
1 байт
|
Таңбасы бар
|
|
Byte
|
0..255
|
1 байт
|
Таңбасыз
|
|
Integer
|
-32768..32767
|
2 байт
|
Таңбасы бар
|
|
Word
|
0..65535
|
2 байт
|
Таңбасыз
|
|
Longint
|
-2147483648..2147483647
|
4 байт
|
Таңбасы бар
|
|
Single
|
1.5E-45..3.4E38
|
4 байт
|
7-8 цифрлы,
|
|
таңбасы бар
|
|
|
|
|
|
Real
|
2.9E-39..1.7E38
|
6 байт
|
11-12 цифрлы,
|
|
таңбасы бар
|
|
|
|
|
|
Double
|
5.0E-324..1.7E308
|
8 байт
|
15-16 цифрлы,
|
|
таңбасы бар
|
|
|
|
|
|
Extended
|
3.4E-4932..1.1E4932
|
10 байт
|
19-20 цифрлы,
|
|
таңбасы бар
|
|
|
|
|
|
Сomp
|
9.2E18..9.2E18
|
8 байт
|
19-20 цифрлы,
|
|
таңбасы бар
|
|
|
|
|
|
50
Константалардың символдар тізбегінен тұратын тір-кестік (жолдық) типі String апострофтарға алынған сөз тір-кесінен тұрады. Тіркестің немесе жолдың ұзындығы деп оның құрамындағы символдар санын айтады. Егер тіркестік констан-та символдарының ішінде апострофтың өзі кездессе, ол қатар орналасқан екі апостроф түрінде жазылады. Тіркестің ұзындығы 0-ден 255 символға дейін болады.
Айнымалы – бұл белгілі бір мəнге берілген атау. Ол айныма-лы идентификаторы арқылы белгіленеді. Стандартты типтегі ай-нымалылар соған сəйкес константалар үшін көрсетілген мəндер диапазонын қабылдайды.
3.5 Мəліметтер типтері
Паскаль тіліндегі программада əрбір айнымалы мен конс-тантаның берілген бір өзіндік типі болады. Тип сол объектіге қолдануға болатын операциялар жиынын анықтайды жəне сол операциялардың орындалуынан шыққан нəтиженің де типін айқындайды. Типтердің стандартты жəне тұтынушы анықтаған түрлері болады.
Программада пайдаланылатын барлық айнымалылар солар-ды жариялайтын VAR сипаттау бөлімінде төмендегідей болып көрсетілуі тиіс.
VAR <идентификатор> [,<идентификатор>,…]: <типі>;
[<идентификатор> [,<идентификатор>,…]: <типі>;…]
мұнда тік жақша ішінде тұрған элементтерді жазбай кетуге рұқсат етілген, яғни оларды пайдалну міндетті болып саналмай-ды.
Мысалы,
VAR A : INTEGER;
B,C: REAL;
Бұл жерде бүтін типтегі А айнымалысы жəне нақты типтегі В, С айнымалылары сипатталған.
Тип, өз кезегінде, алдын ала типтерді сипаттай алатын TYPE бөлігінде төмендегідей түрде анықталуы мүмкін.
TYPE <тип идентификаторы> = <типі>; Мысалы,
TYPE I = INTEGER;
R = REAL;
51
Мұндай типтерді жариялау жолдарынан кейін А, В жəне С ай-нымалыларын төмендегідей етіп сипаттауға болады:
VAR A: I;
B,C: R;
Реттелген стандартты тип мəндердің шектелген жиында-ры тізбегін белгілейді. Оларға əдетте бүтін сандар типі, байттық, символдық жəне логикалық типтер жатады.
Саналатын тип – белгілі бір мəндердің реттелген жиынын анықтайды, сол мəндердің идентификаторлары нақты түрде тұрақты сияқты жақша ішінде ретімен тізіліп көрсетіледі. Осын-дай əрбір элемент үшін компьютер жадынан бір байт орын бөлінеді. Реттелген мəндер жиым (массив) индекстері тəрізді нөлден бастап нөмірленеді.
TYPE <тип идентификаторы> = (<идентификатор> [,<идентификатор>,…]);
Интервалдық (аралық) тип берілген айнымалы қабылдай алатын мəндер жиынын анықтайды. Мұнда реттелген типтің ең кіші жəне ең үлкен мəндері көрсетіледі. Компьютер жадынан əрбір элемент үшін бір байт орын бөлінеді.
TYPE <тип идентификаторы>= <константа>..<константа>;
Константалар ретінде нақты сандық типтен басқа кез келген қарапайым тип қолданыла алады.
Мысалы,
TYPE GR =(DS101, DS102, DS201, DS202, DS301, DS302); SPEC = DS101..DS302;
DIGIT = 0..9;
VAR A: DIGIT;
B: SPEC;
D: 100..200;
Тіркестік (жолдық) тип ұзындығы 0 мен 255 символдар аралығындағы сөз тіркестерін сипаттау үшін қолданылады. Сөз тіркесінің мүмкін болатын ең үлкен (максимальді) ұзындығы тік жақша ішінде көрсетіледі. Егер ол көрсетілмесе, тіркестің макси-мальды ұзындығы 255 болып саналады. Компьютер жадындағы тіркестік айнымалылар көлемі, тіркестік константалар сияқты, сол сөз тіркесінің байтпен берілген максимальді ұзындығына 1 байт (нөлдік байт) қосқанға тең болады. Нөлдік байт сол
52
тіркестік айнымалының ұзындығын есте сақтау үшін керек. Тур-бо Паскальдің маңызды бір ерекшелігі – берілген сөз тіркесінің əрбір символын соның реттік нөмірі арқылы жекелеп өңдеуге бо-лады.
TYPE <тип идентификаторы> = String[<максимальды
ұзындығы>];
|
|
Мысалы,
|
TSTRING = STRING[100];
|
TYPE
|
VAR
|
TS = STRING;
|
S,S1: TSTRING;
|
|
S2: STRING[20];
|
SS: TS;
Жиым (массив) – қасиеттері ұқсас болып келетін бір типтегі айнымалылардың реттелген жиыны. Элементтер арасындағы олардың реттілігі жиым индекстері арқылы анықталады. Жиымның əрбір элементіне бір немесе бірнеше индекс сəйкес келеді. Егер əрбір элементке бір индекс сəйкес келетін болса, онда ол – бірөлшемді жиым (вектор). Жиым элементі екі индекспен анықталатын болса – ол екіөлшемді жиым (матрица), мұндайдағы бірінші индекс – жол нөмірі, ал екіншісі – сол элемент орналасқан бағана нөмірі.
TYPE <тип идентификаторы> = ARRAY [<индекстер типтері тізімі>] OF <типі>; <индекстер типі > :: = <қарапайым тип>
<қарапайым тип>:: = <тип идентификаторы>|<идентификатор>
[,<идентификатор>]|<константа>..<константа> Индекс типі ретінде нақты сандық типтен басқа кез келген қарапайым тип қолданыла алады. Көбінесе индекстерде бүтін
тип арқылы жазылған интервалдық типтер пайдаланылады. Мысалы,
TYPE T1 = ARRAY [-10..20,1..30] OF BYTE; T2 = ARRAY [0..50] OF BOOLEAN;
T3 = ARRAY [BYTE] OF INTEGER; VAR A,B: T1;
C: T2;
ARRAY[1..100] OF REAL; MAS: T3;
53
Мұнда типтерді сипаттау бөлігінде жиымдардың үш түрлі типі келтірілген. T1 – екіөлшемді жиым, оның жолдарының нөмір-лері –10-нан 20-ға дейін, ал бағаналар нөмірлері 1-ден 30-ға дейін өзгере алады. T1 типті жиым элементтері 0 мен 255 аралығында-ғы таңбасыз бүтін сан мəндерін қабылдай алады. T2 типі – логикалық типтегі бірөлшемді жиым элементтерін анықтайды, оның элементтерінің нөмірлері 0 мен 50 аралығында өзгереді. T3 типі – таңбасы бар бүтін сандар типіндегі элементтерден тұратын бірөлшемді жиымды анықтайды, оның индекстерінің өзгеру диа-пазоны 0 мен 255 аралығында болады. Айнымалыларды сипат-тау бөлігінде T1 типіндегі А жəне В айнымалылары анықталады.
айнымалысының типі – Т2, ал MAS айнымалысының типі – Т3 болып сипатталған. Кейбір типтерді алдын ала сипаттамай-ақ, мысалы, Z жиымы тəрізді, бірден айнымалыларды сипаттау бөлігінде оның атауын да, индексінің өзгеруін де, типін де қатар көрсетуге болады.
Жиым элементтерін пайдалану индексті айнымалылар арқылы жүзеге асырылады. Индексті айнымалының индекстерінің саны сол жиымның элементтері санына тең болады. Индекстер мəндері бүтін сандар арқылы, қарапайым айнымалылар көмегімен неме-се арифметикалық өрнектер мəндерін есептеу жолымен анықтала береді. Егер берілген екі жиымның сипаттамалары бірдей болса, онда олардың мəндерін бірінен біріне мынадай меншіктеу В:=А арқылы көшіруге болады.
Мысалы,
…
S:= S+Z[I];
P:= P*A[I][J];
C[6]:= TRUE;
P:= P*A[I,J];
R:= B[I+5,J];
MAS[I]:= MAS[I-1]*MAS[I];
…
Жиымдарды сипаттаудың əр түрлі тəсілдерін қарастырайық. Элементтері бүтін сан болып келген, 10 жолдан жəне 50 бағанадан тұратын A матрицасын сипаттау керек болсын делік.
Осы мысалды үш тəсілмен орындайық.
54
CONST N = 10; M=50;
TYPE TMATR = ARRAY[1..N,1..M] OF INTEGER; VAR A: TMATR;
TYPE TSTR = ARRAY[1..50] OF INTEGER;
TMATR = ARRAY[1..10] OF TSTR;
VAR A: TMATR;
VAR A: ARRAY[1..10,1..50] OF INTEGER;
VAR A: ARRAY[1..10] OF ARRAY[1..50]
OF INTEGER;
Айнымалылар – программа орындалуы барысында өз мəндерін өзгерте алатын белгілі бір атаумен белгіленген мəндер. Оларды жариялау да программаның сипаттау бөлігінде орнала-сады, айнымалыны сипаттау кезінде оның идентификаторымен қатар типін де көрсету қажет (3.7-сурет). Айнымалыларды пай-далану да олардың идентификаторларын, яғни аттарын көрсету арқылы орындалады.
Айнымалы типі оның мүмкін болатын мəндерін, компьютер жадындағы алатын орнын жəне осы айнымалымен орындалатын операциялар жиыны анықтайды
3.5-суретте Паскаль тілінің Турбо Паскаль нұсқасындағы айнымалылар типтерінің жіктелуі, яғни классификациясы көр-сетілген. Соған сəйкес айнымалылар типтері қарапайым жəне құрылымды болып екіге бөлінеді екен.
Қарапайым немесе скалярлық типтер мəндердің реттелген жиындарын сипаттайды. Олар реттелген жəне нақты болып екіге бөлінеді.
Реттелген типтер тобы мəндер жиыны шектелген айныма-лылар типтерін біріктірсе, нақты типтер тобы – мəндер жиыны шартты түрде шексіз болып саналатын айнымалылар типтерін біріктіреді.
Айнымалылардың реттелген типтері стандартты, саналатын жəне кесінді болып бөлінеді. Стандартты түрде төмендегі типтер бекітілген:
бүтін типтер – 3.2-кестені қараңыз;
Достарыңызбен бөлісу: |