Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет68/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

132



6.4-сурет. Жиым элементтерінің ең үлкенін табу

Бақылау сұрақтар


  1. Қандай мəндер типтерін білесіз?




  1. Мəндердің қарапайым типтерін атап, оларға мысал келтіріңіз.




  1. Мəндердің күрделі типтерін атаңыз.




  1. Жиым доегеніміз не?




  1. Жиым элементі деп нені атайды?


133

  1. Жиым элементінің индексі дегеніміз не?




  1. Жиымда неше элемент болуы мүмкін?




  1. Жиымның бір элементінде неше индекс болуы мүмкін?




  1. Жиым элементтерінің типі қандай болуы мүмкін?




  1. Жиым элементтерінің индекстерінің типі қандай болуы керек?


Тапсырмалар


  1. Он элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Алдымен жиым элементтерін пернетақтадан енгізіп, олардың оң эле-менттерінің жəне теріс элементтерінің қосындысын жеке-жеке есептеп экранға шығаратын программа құрыңыз.




  1. 25 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Пернетақ-тадан енгізілген а санының осы жиымда бар екендігін тексеріп, экранға мəлімет шығаратын программа құрыңыз.




  1. 25 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиымның оң элементтерінің санын анықтайтын программа құрыңыз.

  2. 20 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиымдағы оң жəне теріс элемнттердің санын анықтап, экранға мəлімет шығаратын программа құрыңыз.




  1. 15 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиым эле-менттерінің арифметикалық ортасын анықтайтын программа құрыңыз.




  1. 20 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиымның ең үлкен элементін жəне оның индексін анықтайтын программа құрыңыз.




  1. 30 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиым эле-менттерін кері ретпен индекстерін көрсетіп экранға шығаратын программа құрыңыз.




  1. 20 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиымның жұп жəне тақ элементтерінің арифметикалық ортасын есептеп, экранға шығаратын программа құрыңыз.




  1. 20 элементтен тұратын бірөлшемді жиым берілген. Жиымдағы оң топтар санын (оң топ дегеніміз, кем дегенде екі қатар орна-ласқан оң сан) анықтайтын программа құрыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет