Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет137/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   211
Андрогормондар – шауқат (сперматозоид) гармондары.
Анеуплоид  (гр.  аn – бір  нəрсенің  немесе  құбылыстың  болмауы, eu – жақсы,
əбден; ploos – еселі; eidos – түр, ағ. aneuploid) – ядро, жасуша, организм
хромосомалар жиынтығының (кариотиптің) бір немесе бірнеше хромосомаға артуы
не  кемуі. Мысалы, диплоидтық  хромосомалар  жиынтығы  жалғыз  бір  хромосомаға
кемісе – моносомик, бір жұп хромосомалары жойылса – нуллисомик деп аталады.
Антигендер (лат. аnti – қарсы, қарама-қарсы, гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ.
antygene) – иммундық  жүйеде  антиденелерді  түзуді  қоздыратын  ақуыздар,
антигендер антидене түзетін затпен арнайы өзара байланысуға қабілетті.
Антидене (антитело) – иммундық  жүйемен  шығарылатын  ақуыздар, олар
бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) əсерін тежейді.
Антисарысу (ор. сыворотка) – бөтен  агенттерге  қарсы  антиденесі  бар
иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет