71
соның ішінде полидисперсиялы ақуыздар жəне полисахаридтер болуы мүмкін.
Мұнда, ажыратуға арналған заттардың ішіндегі кішірек молекулалылары – гель-
тұтқыш (гель-насадка) құрамына еніп кететіндіктен хроматографиялық колоннада
ақырын жылжыса, ірілеу молекулалылары – гель құрамына кіре алмағандықтан тез
жылжып, колоннадан бірінші болып шығады.
Ионалмасулы (ионнообменная) хроматографияда ионалмасушы смола
жылжымайтын қабат болып келсе, бұған керісінше, мысалға алғанда ақуыздар
қоспасы ертінділері – қозғалмалы қабат болады. Сондықтан, ақуыздар катиондық
формада целлюлозалық матрицада теріс заядты тасымалдайтын, катионалмасушы
карбоксилметилцеллюлозамен (КЦМ) байланысады. Мұнан кейін, ақуыздардың
эллюциясын иондық күші біртіндеп арттырылатын буферлік ертіндісі арқылы
жүзеге асырады. Нəтижесінде бірінші болып КЦМ-мен əлсіз байланысқан ақуыздар
эллюцияға ұшырайды.
Мембрана арқылы бөлу əдісі биотехнологияда кеңінен қолданыла бастады.
Мұнда теріс осмос немесе ультрафильтрация əдістерін таңдау кездерінде,
ажыратушы заттардың молекулалары мен бөлшектерінің диаметрлері шешуші роль
атқарады. Мысал ретінде, кейбір заттар молекулалары мен жасушалардың шамамен
алғандағы мөлшерін (көлемін) мкм өлшемімен көрсете кетейік: су (ММ 18 ДА) –
0,0002, ММ 100 ден 500 ДА дейінгі органикалық қышқылдар – 0,0004-0,0008, ММ
180 нен 400 ДА дейінгі моноза мен биозалары – 0,0008-0,001, ММ 300-ден 100 ДА
дейінгі кейбір антибиотиктер – 0,0006-0,0012, ММ 10000- нан 1000000 ДА дейінгі
протеиндер мен гликандар – 0,002-0,01, көптеген бактериялардың жасушалары –
0,3-1, кейбір ашытқылар мен мицеллалардың жасушалары – 1-10.
Енді жоғарыда келтірілген кейбір химиялық терминдердің мазмұнын еске
түсіре кетейік.
Ертінді мен таза еріткіштер құрамындағы өткізбейтін мембрана арқылы
бөлініп тұратын қандай да бір заттардың химиялық потенциалдарын өзара
теңестіретін қасиеті –
осмос деп аталады.
Ертіндіге жақындастырылған одан артық осмостық қысымды еріткіштен
төмен градиенциялы ертіндіге еріткіштің жылжи бастауы (ертіндіден – таза
еріткішке) басталады. Мұның нəтижесінде ертілген заттардың концентрациясы арта
бастайды, яғни
кері осмос құбылысы белең алады.
Достарыңызбен бөлісу: