78
Металлокерамикалық фильтрлер калибрленген металл ұнтақтарын (мыс,
мырыш, таттанбайтын болат, құрыш) арнайы пісіру, тығыздау, тегістеулерден
өткізгеннен кейін, олардың тесіктерінің аумағы 2-ден 100 мкм аралықтарында
қалыптасады. Металлокерамикалық фильтрлері 150°С температурада 50 мин уақыт
бойына стерильденеді. Бұлар күшті қышқылдардың, сілтінің, тотықтырғыштардың,
спирттердің əсеріне төзімді келеді жəне -250°С-тан +200°С дейінгі аралықтардағы
температураларда қолдануға жарайды.
Металлокерамикалық фильтрлеуші элементтердің басты артықшылықтары –
олардың оңай қалпына келуі мен қолданылу мерзімінің ұзақтығы (5-10 жыл).
Маталық, қағаз жəне фторопластілі фильтрлермен салыстырғанда, түйіршікті
металлокерамикалық фильтрлер құрылымын өзгертпейді, химиялық инертті,
стерилдеудің барлық түрлеріне көнімді, механикалық əсерлерге жоғары төзімді
жəне дайындалуы қарапайым болып келеді.
Патрондық жəне касетті типтеріндегі мембраналық филтрлер өздерінің қысқа
мерзімді пайдалану аралықтарына (1 жыл) қарамастан, өте жоғары тиімділік, тез
алыну жəне қолданылу сенімділігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге, осындай
фильтрде қолданылатын кейбір материалдардың теріс зарядталуы, тірі
жасушаларды, бактерияларды, вирустар, эритроциттер, лимфоциттер мен
тромбоциттерді тұтып қалу қабілетіне ие болатындықтары анықталған. Яғни, көлемі
фильтр тесігінен кіші болып келетін
заттар да, егерде олардың дзета-потенциалдары
(электр потенциалы) фильтр тесіктері зарядтарымен қайшы келетін болса, өтпей
қалады екен. Сондықтан фильтрлейтін зат пен суспензиялардың дзета-
потенциалдарын да атқарылатын жұмыстарда арнайы есепке алады.
Зертхана немесе өндірісте қолданылатын биореакторлардан шыққан ауа
құрамының тазалығы (микроорганизмдерден) тексеріліп тұрылады.
Достарыңызбен бөлісу: