91
бойынша саңырауқұлақтық ақуыздар еттің ақуыздарына жақын болады. Олардың
құрамына 0,2% метионин қосылса, сіңімділгі 100% дейін артады.
Саңырауқұлақтардың жасуша қабықтары өте жұқа болуы себепті, қосымша
өңдеуді талап етпей, ас қорыту мүшелерінде тез қорытылады. Саңырауқұлақ
өнімдерімен қоректендіру нəтижесін тексеру, олардың мал ағзасына ешқандай
зиянын тигізбейтіндігін көрсеткен.
Микроскопиялық
балдырлардың
ақуыз
өндірудегі
маңызы.
Мал
шаруашылығына
қажетті
азықтық
ақуыз
өндіруде
микроскопиялық
балдырлардың да маңызы да бар. Мысалы, Жапонияда тұщы суда бір жасушалы
балдырлар – хлорелланы өсіру нəтижесінде 1 га су беті аумағынан 16 тоннаға
дейін ақуыз өндіруге қол жеткізілген. Мұның тиімділігінің дəлелі ретінде 1 га
жерге егілген арахис өсімдігінен тек қана 471 кг ақуыз алуға болатынын келтіре
кетеміз. Италияда полиэтиленнен жасалған арнайы құбырларда су балдыры –
спирулинді өсіру нəтижесінде, оның 1 м
2
аумағынан тəулігіне 20 гр дейін құрғақ
ақуыз алынған. Бір жылда осындай əдіспен егілген 1 га плантациядан, 1 га соя
өсімдігі егілген жерге қарағанда 10 есе артық ақуыз алуға болатыны анықталған.
Ғалымдар бір жасушалы теңіз балдырларын өсіру мақсатында фитобиологиялық
реакторлар жасап шығарған. Қарапайым түрде бұл реакторлар шыны немесе
пластмассадан жасалған құбырға ұқсас болады, ал оның үстінде белгілі бір
балдыр түрі өсіріледі. Су балдырларының қалың орналасуы ЭЕМ (электронды
есептеуіш машина) мен компютерлер арқылы реттеліп отырылса, биомасса
шығымы күн сəулесінің түсу деңгейіне байланысты болады. Осындай реактор
арқылы қосымша көп мөлшерде крахмал алуға, жəне оны биотехнологиялық
жолмен өңдеп, жанар-жағар май ретінде қолданылатын этил спиртіне
айналдыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: