Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


VІ тарау БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА



Pdf көрінісі
бет59/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   211
VІ тарау
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА
ҚОЛДАНЫЛУЫ
1. Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың маңызы
Биотехнология  өндірісінде  қарқынды  дамып  келе  жатқан  бағыт –
медициналық  биотехнология. Соңғы  кездері  генетикалық  биоинженерия
жетістіктерін  медицинада  қолдану  мүмкіндіктері  күн  санап  артуда. Бұған  мысал
ретінде, əлі  жатырда  даму  үстінде  жатқан  шарананың  хромосомдық  ауытқуларын
(аномалия) анықтау мақсатында – аминоцентездің, немесе сот медицинасында ДНҚ
үлескілерінің  кодталмайтын  бөліктеріне  тəн  белгілі  паттерндерін  анықтауға
негізделген – геномдық дактилоскопия əдістерінің кең қолданылуын айтуға болады.
Жаңа  технологиялар, мысалы  ДНҚ-сынамаларын  зерттеу, ДНҚ-ның  бегілі  ретпен
орналасуын  білу  арқылы, гендік  деңгейде  кездесетін  мутацияларды  анықтауға
мүмкіндік  туылады. Акушерлік  медицинадағы  биотехнология  жетістіктерінің
табысты  қолданылуы  ретінде, қолдан  ұрықтандыру  нəтижесінде  алынған
зиготалардың пайдаланылуын келтіруге болады. ДНҚ-ның бегілі ретпен орналасуын
анықтау  технологиясының  басқа  да  қолданылытын  аумақтары  ретінде  вирусты
(ВИЧ), бактериялды  немесе  саңырауқұлақ  ДНҚ-ын  жəне  неопластикалық
аурулармен  байланысы  болатын  мутациялық  өзгерістерді  анықтауларды  айта
аламыз.
Қазіргі  кезде  рекомбинантты  ДНҚ  өнімдері  болып  табылатын  медициналық
дəрі-дəрмектері  кеңінен  саудаға  түссе, көптеген  түрлеріне  клиникалық  сараптама
жұмыстары  жүргізілу  үстінде. Осындай  дəрмектердің  сатылуы  бойынша  алдыңғы
орындарда  қызыл  қан  түйіршіктерінің  бөлінуіне  ықпал  ететін  эротропиндер,
көптеген  ауруларды  емдеуде  кеңінен  қолданыла  бастаған  интерферондар  жəне
сусамыр (сахарный  диабет) ауруымен  науқас  адамдарға  қажетті  инсулиндер
орналасқан. Басқа  да  спецификалық  əрекеті  бар  өнімдер  қатарында  остеопороз
кеселін  емдеуге  қажетті  кальциотенин  жəне  қан  айналымының  бұзылуы  себебінен
оттегі  тапшылығын  сезінген  ұлпалардағы  болатын  өзгерістерді  қалпына  келтіру
мақсатында қолданылатын – супероксиддисмутазу дəрілерін айта аламыз.
Көбінесе  рекомбинантты  ДНҚ  бактериялды  жасушалар  негізінде  жасалады.
Бірақта, бактериялды  жасушалар  күрделі  ақуыздарды  тиесілі  ақырғы  формасында
синтездей алмайды. Ашытқы жасушаларының шығу тегі эукариотты болуы себепті
осы 
мақсатта 
пайдалануға 
жақынырақ 
болғанымен, олар 
ақуыздарды
цитоплазмаларында жинақтайды. Хайуандардың жасушалары өте нəзік келеді жəне
патогендерді  тасымалдаушы  болуы  мүмкін. Сондықтан, биотехнология  өндірісі
адамдар  ақуыздарын  сүт  немесе  қан  құрамдарынан  бөліп  алу  мақсатында,
трансгенді  хайуандарды  пайдалануға  көп  бүйрек  бұрады. Қазіргі  уақытта  адам
ақуызын  сүт  арқылы  алу  үшін  пайдаланатын  хайуандар  ішінде  ешкі  малына
басымдық  беріледі, өйткені  олардың  сиырмен  салыстырғанда  жыныстық  жетілу
мерзімі  жылдам. Адам  ақуызын  өндірудегі  тағы  бір  жақсы  мүмкіндік – тауық
жұмыртқасы  арқылы  болып  табылады. Сонымен  бірге  бірталай  трансгенді


97
өсімдіктер  шығарылған. Қазіргі  кезде  адамдарды  емдеу  үшін  пайдаланылатын
дəрмектерді  астық  тұқымдастардан, жүгеріден, жертүйнектен  жəне  темекі
жапырақтарынан да алу мүмкін болып отыр.
Ақуыз  алмасуы үдерісінің бұзылуынан  туындайтын  кейбір ауруларды  гендер
манипуляциясын  қолданбай  ақ  емдеуге  болады. Осындай  мүмкіндіктер  қатарына
ақуыздармен 
арнайы 
байланыса 
алатын, олигонуклеотидтердің 
кішкене
молекулаларын  пайдалануды  жатқыза  аламыз. Бұл  молекулалар аптамерлер  деп
аталады. Аптамерлер ақуыздардың тіршілігін тоқтата алады. Бұның  жақсы мысалы
ретінде  аптамерлердің  ісік  жасушасы  бетіндегі  рецепторларды  байлап, əрекетсіз
етуін  айтуға  болады. Ақуыздармен  жай  ғана  байланыса  келе, аптамерлер  дұрыс
жиналмаған ақуыздардың қайтадан жазылып, олардың дұрыс жиналуын қамтамасыз
етуі  арқылы, атқаратын  қызметтерінің  де  қажетті  бағытта  жүруін  қамтамасыз  ете
алады  екен. Ақуыздардың  дұрыс  фолдингін  қамтамасыз  ету  мақсатында
аптамерлерді  пайдалану – кистозды  фибриоз, Альцгеймер  жəне  Паркинсон  сияқты
көптеген  аурулармен  науқастанған  адамдарды  емдеуге мүмкіндік  береді. мРНҚ-ын
шабуылдайтын  рибозимдерді  зиянды  ақуыздардың  синтездеуіне  жауап  беретін
гендердің  қызметін  тоқтату  мақсатында  пайдалануға  болады. Бұған  мысал  ретінде
онкогендерді жəне вирустар мен патогендердің гендерін келтіре аламыз.
Адам  геномын  зерттеудің  басты  нəтижелерінің  бірі, қазіргі  кезде  жедел  дамып
келе жатқан медицинаның жаңа саласы – молекулалық медицинаның дүниеге келуі.
Гендердің  құрылымы  мен  қызметін  анықтау, тұқым  қуалаушылықтың  адам
денсаулығына əсер етуінің молекулалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді.
Адам  геномын  зерттеу  нəтижелері, оның 3,2 миллиард  жұп  нуклеотидтерден
тұратындығын  жəне  құрамында  ақуыздарды  коделейтін 30-40 мыңдай  гендердің
болатындығын  көрсетті. Адам  генінің  орташа  ұзындығы  шамамен 270 мың  жұп
нуклеотидтерден тұратындығы анықталған. Ондай геннің құрамында орта есеппен 9
экзон жəне 8 интрон болады.
Адам  геномында 60 мыңға  жуық  бір  нуклеотидті  ауысымдардың  ұқсастықтары
анықталған. Дегенмен, генетикалық полиморфизмнің басқа да түрлері болатындығы
белгілі, солардың ішінде бірлі-жарым нуклеотидтердің полиморфизмі ғана өзгеретін
адам  геномындағы  ДНҚ-ның  нуклеотидтік  тізбектері. Қазір  адам  геномында
шамамен, 3 миллион  жұп  нуклеотидтердің  өзгеретіндігі  анықталып  отыр. Оның
өзгеруге  бейім  бөлімшелері снипстер  деп  аталады. Қазіргі  кезде 2,2 миллион
снипстер  анықталып, карталары  жасалған. Оларды  генетикалық  маркер  ретінде,
жеке гендерді картаға түсіру кезінде пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет