145
қолдануды атауға болады. Бұларға бұршақ тұқымдас өсімдіктермен симбиозда
тіршілік ететін
Rhizobium туысына жататын түйнекті бактериялар немесе жеке
тіршілік ететін
Azotobacter түрлері жатады.
Ризосфераның аталған микроорганизмдермен жылдамырақ толықтырылуы
үшін, денесінде осындай азотты ұстай алатын бактериялары мол тыңайтқыштар
дақыл егілетін жерге араластырылуы қажет. Ауылшаруашылығында осындай
тыңайтқыштар ретінде көбінесе бұршақ тұқымдас өсімдіктерге симбиоздық қабілет
танытатын, құрамында түйнекті бактериялары бар тыңайтқыштар себіледі. Гендік
инженерия əдісімен осындай түйнекті бактериялардың азотты өте жоғары деңгейде
өз денесіне сіңіре алатын мутанттары шығарылған. Қазіргі кезде астық тұқымдас
өсімдіктермен бірлесе тіршілік ете алатын осындай бактериялар түрлерін шығару
бағытындағы ізденіс жұмыстары өз жалғасын табуда. Сонымен бірге өсімдіктерді
фосформен қамтамасыз етуге жəрдемдесетін бактериалды дəрмектер (препараттар)
де қолданысқа ие болған.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Достарыңызбен бөлісу: