Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет168/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   211
И
In vitro (лат. in vitro - шыныда) – шыныда, жасанды жағдайда.
In vivo (лат. in vivo – тірі  орнанизмнің  құрамында) – тіршілік  иесінде, оның
құрамында, бөлінбеген күйде.
Идиотип (гр. idios – өзіне  тəн, typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. idiotype) –
организмнің  барлық  гендерінің (ядродағы, митохондриядағы, хлоропластардағы)
жиынтығы.
Изогендік желі (линия) (гр. isos – бірдей, тең, ұқсас,  genos – шығу тегі, туыс)
– гомозиготалық организмдерден тұратын топ.
Иммобильденген 
жасушалар (лат. immobilis – жылжымайтын,
қозғалмайтын, ағ. immobilbsed cells) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі
қабатына  бекіген  немесе  полимерлік  гельдер  құрамына  енгізілген, қозғаласы
шектелген, осы ортада өсетін жасушалар.
Иммуноферментік  талдау (лат. immunitas – құтылу, босану, ағ. enzyme
immunoassay) – «антиген-антидене» комплексінің  ферменттік  активтігін  анықтауға
негізделген иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау (лат. induction – қозу, ағ. induction) – сыртқы орта факторлары
немесе  өсімдіктің  бір  бөлігінің  екінші  бөлігіне  əсер  етіп, өсімдіктің  даму  жолын
белгілеу. Олар  индукторлар, мысалы: гормондар, сыртқы  ортаның  түрлі
факторлары, кейбір метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір
жүйеге  келтіреді, себебі  сол  жүйенің  ғана  индукторлық  əсерін  қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм (лат. inoculation – егу, ағ. inoculum) -  жаңадан  дайындалған
қоректік  ортаға  көшіріп  отырғызу  үшін  қолданылатын  суспензияның  азғантай
бөлігі.
Интегумент (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің
тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.
Интрон (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – ДНҚ  молекуласында
мағыналы  кодтардың  араларында  кездесетін  мағынасыз  нуклеотид  тізбектері;
процессинг  нəтижесінде  рестриктаза  ферментінің  əсерімен  интрон  үзіліп  түсіп
қалып  отырады  да, қалған  мағыналы  тізбектерден  пісіп  жетілген  информациялық
РНҚ түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет