Кері мутация (реверсия) (лат. reversio - қайту, қайтып келу) – организмнің
мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, «жабайы» (қалыпты) фенотипке
қайта келуі.
Кері транскрипция – РНҚ молекуласында комплементарлыққа сəйкес ДНҚ
молекуласының синтезденуі.
Кетгут – операциядан кейінгі жараны тігуге арналған, ұсақ малдың
ішектерінен жасалынуы себепті, ағзамен біте қайнасып кете алатын хирургиялық
жіп.
Клон (гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір
жасушадан көбейген жасушалар тобы.
Клондау (ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы
молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары
қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну
керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ
молекуласы бар.