146
3. Жалғыз төлді малдарда бір аналық жұмыртқасынан дамитын егіздердің
туылуы. Бір аналық жұмыртқасынан дамыған егіздер (үшем немесе одан да көптері
сирек кездеседі) имплантацияға дейінгі жыныс мүшесінде бос (еркін) күйінде
болған кезінде пеллюцид аймағының (zone pellucid) бұзылуы себебінен,
эмбрионның бөлінуі жүзеге асып, ажыраған бөліктер жеке-жеке дамуы нəтижесінде
пайда болады. Мұндай егіздердің бастамасы (ұрықтанған бір аналық жасуша) бір
болғандықтан, егіздер түр-түсі жəне барлық генетикалық, биохимиялық
көрсеткіштері бойынша бір-біріне айнымай ұқсайды. Осындай ерекшеліктің
арқасында асыл тұқымды мал шаруашылығында өте маңызды көп жасушалы
организмдер деңгейіндегі биологиялық көшірмелерді (биокопия) алу мүмкін болды.
4. Мал шаруашылығында асыл тұқымды топ (ядро) құру мен жетілдіру. Мал
шаруашылығында асыл тұқымды мал тобы мен тұқымы жақсартылуы қажет
топтарға бөлінетіні белгілі. Асыл тұқымды малға жату үшін ол малдардың дені сау,
көбею қабілеттіліктері мен өнімділіктері жақсы, бағалы генотипті жəне ұрпақ
сапасы бойынша бағаланған болуы шарт. Биотехнологиялық зерттеулерінде бұларға
донорлар мен жақсартушы аталықтарды жатқызады. Асыл тұқымды мал
шруашылығындағы көбею үдерістерінде қолданылатын терминология бойынша
д
онор дегеніміз – генетикалық тұрғыдан бағалы ооциттар мен эмбриондар алынатын
ұрғашы дара болса,
жақсартушы аталық – ұрғашы донорды ұрықтандыруға
арналған еркек мал. Сондықтан жоғарыда аталған мал тобының (плем. ядро) санын
көбейту мақсатында донорлар мен жақсартушы аталықтар белсенді қолданылады.
Тұқымы жақсартылуы қажет мал тобы, генотипі бойынша бағалылығы төмендеу
болғанымен, физиологиялық тұрғыдан дені сау жəне көбею қабілеттіліктері де
жақсы болуы қажет. Бұл топқа реципиенттер жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда
реципиент дегеніміз – құнды мал ұрпағын өз ағзасында (жатырында) өсіріуге
арналған, генетикалық жағынан басқа (жат) аналық.
Жалпы алғанда, ауылшаруашылық малдарының биотехнологиялық мүмкіндіктері
осы сүт қоректілерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады.
Түрге тиесілі биологиялық ерекшеліктері тұқым қуалаушылық арқылы берілетіні
белгілі. Сондықтан, биотехнологиялық мақсатта пайдалану үшін генетикалық
мүмкіндіктердің анықталуы –
биотехнологиялық қор (ресурс) деп аталады.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, қолданылуына байланысты
биотехнологиялық қорды шартты түрде үш класқа бөлуге болады:
1. Молекулалық қор – гендердің құрылымы мен қасиеттері арқылы көрінеді.
2. Физиологиялық қор – гаметалар банкі, имплантация алдындағы эмбриондар
дамуы (тотипотенттілік) арқылы байқалады.
3. Селекциялық қор – асыл тұқымды мал шаруашылығындағы
асыл тұқымды топ
(ядро) құру мен жаңа мал тұқымдарын шығаруға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: