АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Кафедра Акушерлік хирургияжәне өсіп-өну биотехнологиясы
Реферат
Тақырыбы: Ірі қара малының BLAD және СVМ тұқым қуалайтын аномалиялары
Орындаған: Айсан Жансая
2022-2023 жыл
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ірі қарат малының BLAD және CVM аутосомалдық аурулары және оларды балау әдістері
2.2 Асыл тұқымды малдардың жасырын генетикалық детекциялық ақауларын баламалдау әдістері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
BLAD – организмнің инфекциялық агенттерге иммунды жауабын бұзуға әкелетін аутосомалды рецессивті ауру. Гомозиготалы тасымалдаушы жануарларда мутацияның клиникалық белгілері әртүрлі, алайда респираторлық және асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. Гетерезиготалы тасымалдаушылар жағдайында, (CD18ТL/BL) генотипінде мутантты аллель бар жануар организмі, вирустық және бактериалдық инфекцияларға қарсы тұра алмайды, жануарлардың иммунитеті төмендейді, осыған орай әрі қарай дамуы бұзылып, өнімділігі төмендейді. Гомозиготалы дені сау жануарларда (CD18ТL/TL) фенотиптік ауытқулар болмайды. Генотипі CD18ВL/ВL жануарлар постнотальды дамуының алғашқы айларында өледі.
BLAD – ауруы ең алғаш 1983 жылы «гианулоцитарлық синдром» деген атаумен сипатталып жазылған және бұл аурудың адамдардағы LAD ауруына сәйкес екендігі дәлелденді. Бірқатар елдерде, жоғарыда аталған BLAD синдромы бар (лейкоциттердің адгезивті қабылетінің бұзылуы) бұқаларды өндірістен алып тастау үшін арнайы селекциялық бағдарламалар құрастырылды. Бұл ауру интергин генінің мутацияға ұшырауынан жасушалық иммунитеттің тежелуінен туындайды. Рецессивті аллель бойынша гомозиготалы жануарлардың бактериялық және вирустық инфекцияларға төзімділігі төмендеп, өсуі бәсеңдейді. Бұзаулар 3-7 айлық кезінде жиі ішек және өкпе инфекциясы нәтижесінде өледі.
Достарыңызбен бөлісу: |