320
оқытуға және меңгеруге қажетті сұрақтар шеңберін, құрылған
жоспар бойынша жүру, түрлі әдіс-тәсіл мен құралдарды пайдалану
керек.
Оқулықтарды, оқытушылардың тәжірибелерін зерттей келе
мынадай негізгі тақырыптар мен сұрақтар таңдалады:
-тәрбие теориясының пәнінің анықталуы;
-тәрбие
теориясының мәнін, оның заңдылықтары мен
принциптерін ашу;
-тәрбие әдістерін жекелеп оқыту, олардың тәрбие процесінде
қолданылуы.
Тәрбие теориясы педагогиканың бір саласы. Ол тәрбие
үрдісінің мәнін, оның заңдылықтары мен принциптерін зерттейді,
жас ұрпақты тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін белгілейді.
Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет.
Тәрбие теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар, оқудан
тыс кезеңдегі тәрбиеге де кӛп кӛңіл бӛлінеді.
Тәрбие теориясындағы тәрбие процесін зерттеуге ең алғаш
кӛңіл бӛлген Н.К.Крупская. Ол «Тәрбие» ұғымының кең және тар
мағынасын ұсынған. Тар мағынасындағы тәрбие – бұл, «білім
алушылар және жасӛспірімдер әрекетіне ересек адамдардың
жоспарланған, жүйелі ықпал етуі». Осы идеяларды дамыта отырып,
А.С.Макаренко теорияға «тәрбие үрдісі» ұғымын енгізеді. Оның
сипаттамаларын белгілейді.
1.Тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы.
2.Тәрбиенің дамуы мен ӛзгеруі.
3.Қарам-қайшылықты сипаты.
4.Басқарылуы.
Тәрбиенің жалпы әдістері
Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы,
тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері – тәрбиелеушілер мен
тәрбиеленушілердің ӛзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері.
Бұл іс-әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталған.
Тәрбие тәсілі, амалы – жалпы әдістің бӛлігі, жеке дара әрекет
(әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір
жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы,
мадақтау тәсілдері – мақұлдау, мақтау, сыйлық беру; сендіру,
нандыру тәсілдері – иландыру, түсіндіру, баяндамалар; жазалау
тәсілдері – ескерту, айыптау, сӛгіс, т.б.
322
жағдайы; оқытушының педагогикалық шеберлігінін деңгейі; тәрбиелеу
уақыты; күтілетін нәтиже, қорытындылар.
Тәрбиелік жағдайлар туғызу – мінез-құлық нормалары мен
ережелеріне
сәйкес
тәрбиеленушінің
әртүрлі
іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі.
Тәрбие құралдары – тәрбие іс-әрекетін жүзеге асыруға
кӛмектесетін заттар. Тәрбие тәсілдері – жалпы әдістің бӛлігі.
Еліктеуге негізделген тәрбие әдісі – оң үлгі-ӛнеге.
Достарыңызбен бөлісу: