Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет186/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   203
 
 
 


 
328 
4. 
Ҧжымды 
қалыптастыру, 
оның 
әлеуметтік, 
педагогикалық теориясын зерттеу проблемалары  
Ұжым  жайындағы  тақырып  тәрбие  әдістерінен  кейін 
оқытылады.  Себебі,  ұжым  педагогикада  тәрбиенің  мақсаты  әрі 
маңызды құралы ретінде қарастырылады.  
Тәрбие  үрдісінің  мазмұны  жан-жақты  және  үйлесімді  дамыған 
тұлғаның рухани,  адамгершілік,  эстетикалық,  еңбектік, әлеуметтік 
қасиеттерден  құрылады.  Тәжірибе  жүзінде  бұл  мазмұн  ӛзіне 
барынша сәйкес  келген ұжымға ӛтеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса, 
онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарыстарға тап болады. 
Ұжым  қандайда  бір  әлеуметтік-экономикалық  формацияның 
туындысы 
емес, 
ол 
адамдар 
индивидтерінің 
нормалық 
жиынтығының  құбылысы  болып  саналады,  іскерлік  пен 
жолдастықтың  ӛзара  әрекетінің,  әртүрлі  мәселелерді  нәтижелі 
шешудің  жалпыға  бірдей  формасы  ретінде  адамзат  ӛркениетінің 
құнды  әлеуметтік  жетістігі  болып  табылады.  Б.Т.Лихачевтің 
пікірінше,  ұжым  адамзаттың  бірлесіп  ӛмір  сүруінің  объективті 
формасы  мен  қоғамдық  құбылысы  ретінде  ӛркениеттік  мәнге  ие, 
жалпы және мәңгі категория.  
Педагогика  тарихы  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  әртүрлі 
формаларын  басынан  кешірді.  Олардың  әрқайсысы  ӛзгермелі 
жағдайлардағы  белгілі-бір  мазмұнды  ашу  үшін  жасалынады. 
Біріншіден,  тәрбиеленушілер  саны  ӛзгерді:  ежелгі  оқу  орнындағы 
бір  немесе  оншақты  білім  алушыдан  бүгінгі  барлық  білім 
алушылардың  міндетті  оқу  орыны  тәрбиесіне  ӛтуі.  Сондықтан, 
тәрбие  формасын  талдаудың  алғашқы  бағамы  сандық  ӛлшеммен 
беріледі.  
Тәрбие 
үрдісінің 
пәрменділігі 
оны 
ұйымдастырудың 
формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының 
мазмұнына  және  оны  басқаруға  әсерін  тигізеді.  Тәрбие  үрдісінде 
қамтылған  адам  санына  қарай  тәрбие  формалары  жеке,  шағын 
топтық, топтық
 
(ұжымдық) және бұқаралық болып бӛлінеді. Топтан 
(ұжымдағы)  тәрбиеленушілер  саны  5-7-ден  25-40  дейін  болса, 
бұқаралық  формада  оның  шегі  болмайды.  Тәрбиеленушілер  саны 
кӛбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеу үрдісінде жеке 
және  шағын  топтық  формалар  тиімді.  Бұл  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыру формаларын ӛте жылдам және мақсатты бағдарлауға, 
жағдайдың  ӛзгеруіне  қарай  педагогикалық  амалдарды  ӛзгертуге 
ыңғайлы.  Бірақ  жеке  және  шағын  тәрбиенің  үлкен  экономикалық 


 
329 
шығындарды  керек  етуі  –  оның  кең  тарауындағы  елеулі  кедергісі 
болып  табылады.  Қазіргі  жүйелердің  кӛпшілігі  тәрбиенің  топтық 
(ұжымдық)  формасын  пайдалануға  кӛшті.  Ол  ӛзінің  жеткілікті 
тиімділігімен,  сонымен  бірге  ӛкініштісі,  педагогикалық  қызметтің 
салыстырмалы  түрде  тӛмен  бағалануымен  ерекшеленеді.  Соңғысы 
–  біздің  елімізде  тәрбие  формасын  таңдаудағы  шешуші  себеп  болып 
отыр. 
Оқу орыны тәрбиесіндегі жетекші идея 
Жоғарғы  оқу  орын  тәрбиесін  ұйымдастырудың  топтық 
формасы  –  ұжымдық  деп  аталады.  «Тек  ұжымда  ғана  тұлға  ӛзінің 
жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана 
жекелей  еркіндік  болуы  мүмкін».  Ұжымдық  рухта  тәрбиелеу 
педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа 
жетудің  жолдары  мен  формалары  ұжымның  даму  деңгейіне 
байланысты. 
Шетелдік  жүйе  тәрбиесінен  ӛткен  кеңестік  жүйе  ӛзгешелігі  – 
тұлғаны дамытудағы ұжымының атқаратын қызметі жетекші болып 
белгіленуінде.  Кеңестік  білім  беруде  бірінші  болып  жеке  тұлғаға 
бағдарланған  тәрбиеден  бас  тартып,  тәрбие  іс-әрекетінің  негізіне 
ұжымды  қалады.  Сӛйтіп,  тәрбие тәжірибесі мен теориясының даму 
кӛзқарасында  үлкен  қадам  жасады.  Ұжым  тәрбиелік  талпыныстар 
орталығына айналды, оны қалыптастыру кез келген оқу орынының 
негізгі міндеті ретінде қабылданды.  
Жаңа  қойылған  мақсаттар  кіші  және  үлкен  мәселелерді 
теориялық  үйлестіру  мен  талдауды  қажет  етті.  Оларды  шешуге 
А.С.Макаренко,  Н.К.Крупская,  В.А.Сухомлинский  және  т.б.  атақты 
педагогтар  күш  жұмсады.  Бірақ,  кең  кӛлемде  кӛзделген  тәрбие 
жұмыстары жақсы нәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады. 
Кӛптеген  жылдар  бойы  үстемдік  еткен  ұжымдық  тәрбие  біздің 
қоғамда  адамды  жаңаша  тәрбиелеуге  ӛзінің  елеулі  үлесін  қоса 
алмады.  Бұл  нені  кӛрсетті  –  идеяның  нашарлығын  ба,  әлде  оның 
ӛмір қажеттігіне сай келмегенін бе?  
Ӛткенді  саралай  келе,  бүгінде  адамның  жеке  табиғатын  жасау 
идеясы  нақты  да  қарапайым  болып  шықты.  Бұдан  мынадай 
қорытынды  шығады:  жекелей  дамуды  кемісіте  не  ұжымдауды 
әсерлеп,  тәрбие  ісін  біржақты  қателікке  апаруға  болмайды. 
Сондықтанда  ұжымдық  және  тұлғалық  үйлесім  кӛп  жағдайда 
тәрбие туралы дұрыс кӛзқарастар негізіне алынуы шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет