Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет29/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

6.9 
050103-«Педагогика 
және  психология»  мамандығы 
бойынша  бакалаврдың  тҥйінді  қҧзіреттеріне  қойылатын 
талаптар: 

 
педагогикалық  процестің  даму  заңдылықтарын  ойша 
елестете білуі керек; 

 
білім  берудің  жалпы  заңдылықтары  мен  ӛзіне  тән 
ерекшеліктерін, оқыту, тәрбие және дамытудың ғылыми-теориялық 
негіздерін, 
педагогиканың 
және 
психологияның 
ұғымдық 
концептуалды аппаратын білуі керек; 

 
теориялық  білімдерді  тәжірибелік  кәсіптік  іс-әрекетінде 
ұйымдастыру біліктілігі болуы керек; 

 
педагогикалық  және  психологиялық  іс-әрекетте  оқу-тәрбие 
шараларының  жоспарларын,  жобаларын,  бағдарламаларын  жасап 
жүзеге  асыру  және  оларды  ЖОО,  колледж,  мектеп  жұмысында 
психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысы болуы керек; 

 
білім  беру  сапасының  тиімділігін  жақсарту  мен  арттыруды; 
педагогикалық-психологиялық  мәселелерді  қою  және  шеше  білуді 
жетік білуі керек. 
Пәннің  білімдік  материалдың  нақты  мазмұны  оқулықтар  мен 
әртүрлі  оқу  құралдарында:  анықтамалықтар,  жаттығулар  жинағы, 
қосымша  әдебиеттік  кітаптар,  практикумдар,  оқу-әдістемелік 
кешендер  және  т.б.  ашылады.  Сонымен  қатар  оқу  материаланың 
мазмұны 
электрондық 
жинақтағыштарда 
(видеодискалар, 
видеокассеталар, компьютерлік бағдарламалар) беріледі.  
Оқу материалының мазмұны негізінен оқулықта кӛрініс табады. 
Оқулық – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негізін 
баяндайтын кітап. Оқулық екі негізгі қазметті атқарады: білім беру 
стандартында  кӛрсетілген  мазмұнды  білім  алушыларға  түсінікті 
формада  ашып  кӛрсететін  оқу  ақпаратының  кӛзі  болып  табылады; 
білімдік  процесті,  соның  ішінде  ӛздігінен  білім  алуды  да, 
ұйымдастыруды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  құралы 
болып табылады. 
Оқулықтың  құрылымы  мәтіннен  (негізгі  компонент  ретінде) 
және мәтіннен тыс (кӛмекші) компоненттен тұрады.  


 
75 
Түсіндірмелік  мәтінге  оқулыққа  пәндік  кіріспе,  бӛлімдер, 
тараулар;  ескертулер,  түсініктемелер;  сӛздіктер;  анықтамалықтар 
т.б. кіреді. 
Оқулықтарда 
оқу 
мәтіндерінен 
басқа 
мәтіннен 
тыс 
компоненттер  болады.  Оларға  материалды  меңгеру  аппараты; 
иллюстрациялық материалдар; бағдарлау аппараты жатады.     
Материалды  меңгеру  аппараты:  сұрақтар,  тапсырмалар, 
ескертулер,инструктивтік  материалдар,  кестелер,  жаттығулар  және 
т.б. қамтиды. 
Иллюстрациялық  материалдарға  пәндік  және  сюжеттік 
материалдар,  құжаттар,  диаграммалар,  кестелер,  сызбалар, 
графиктер, анықтамалықтар және т.б. жатады. 
Бағдарлау  аппараты  алғы  сӛз,  ескертпелер,  қосымшалар, 
кӛрсеткіштер,  белгі-символдарды  қамтиды.  Оқу  құралдары 
оқулыққа  қосалқы  болып  есептеледі,  оның  мазмұнын  тереңдетеді 
және кеңейтеді. 
Бастапқыда  оқытылатын  пәндердің  құрылымы  арнайы  орта 
және  жоғары  мектептерде  оқытылатын  пәндерден  белгілі  бір 
айырмашылықтары  бар.  Жоғарғы  оқу  орындағы  оқу  пәнінің 
мазмұны 
ғылым 
құрылымына 
жақын, 
онда 
ғылымның 
жаңалықтары, шешілмеген мәселелері қарастырылады. 
Сонымен  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  маманды 
дайындауды білім берудің үш кезеңін: жоғары оқу орнына дейінгі, 
педагогтің  базалық  кәсіби  білімін,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білімді қамтитын білім беру жүйесінің интегравциясына негізделіп 
қарастырылады.  Әрбір  кезеңнің  мақсаты  мен  міндеттері  кәсіби-
педагогикалық 
бағдарымен 
анықталып, 
оның 
мазмұнына, 
формасына, оқыту әдісіне сәйкес шешіліп отырады Ӛзінің мақсаты 
бар әрбір кезең міндеттерін жасайды, ал ол міндеттер  ӛз кезегінде 
келесі кезеңнің міндеттерін айқындайды. 
Жоғары оқу орнына дейінгі білім міндеттері:  

Білім алушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін 
анықтау,  педагогикалық  әрекеттің  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 
тексеру; 

Болашақ кәсіби әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін кӛп 
спектрлі таным және кәсіби қызығушылығын дамыту; 

Педагогикалық  және  әлеуметтік  қабілеттерін:  кӛркемӛнер, 
музыкалық, спорттық, математикалық  анықтауға жағдай жасау; 


 
76 

Білімалушыларды 
әрекетке 
қатыстыра 
отырып, 
педагогикалық әрекеттегі алғашқы тәжірибе алуларына бағыттау; 

Ӛзінің  жеке  мүмкіндіктерін  адамға  қоятын  педагогикалық 
әрекет  талаптарымен  салыстырып  қарауына  мүмкіндік  беретін 
алғашқы  кәсіби  тәжірибе  жасауына  мүмкіндік  бере  отырып, 
мамандық таңдауының дұрыстығына кӛзін жетілдіру. 
Жоғары білім беру міндеттері: 

негізгі  құзырлығының  (білім,  мәдени,  лингвистикалық, 
ақпараттық)  кең  спектрін  қалыптастыру,  таным  білігі  мен 
дағдыларының жоғары деңгейін үйрену; 

жалпы  белгілік  жүйені,  яғни  «тілдік  дайындықты»  (ана 
тілін, орыс тілін, шет тілін, математика, информатика тілдерін білу) 
игеруге  мүмкіндік  беретін  жалпы  функциональдық  сауаттылығын 
қалыптастыру; 

ӛзіндік әрекетін жоспарлау біліктілігін үйренуіне мүмкіндік 
беретін  ӛзіндік  реттеу  негізін  игеру,  ӛзінің  жеке  психикалық 
жағдайының  дамуын  бақылап,  түзету  біліктілігі,  сол  арқылы  ӛзге 
педагогикалық 
әрекеттің 
субьектілерінің 
реакциясы 
мен 
жағдайларын жақсы түсініп, ескеру; 

білім  стандарты  айқындаған  қажетті  дайындық  деңгейін 
барлық оқу үдерісі барысында қадағалау; 

жеке  әрекетін  ұйымдастыру  дағдысын,  ӛз  бетті  әрекет  ету 
білігін дамыту; 

студент  дайындығының  сапасын  мемлекеттің,  тұлғаның, 
қоғамның кӛзқарас талаптарына сай қамтамасыз ету. 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің міндеттері: 

кәсіби 
қалыптасудың 
түрлі 
кезеңдеріндегі: 
кәсіби 
бейімделу,  қалыпты  әрекет  ету,  шеберлену,  педагогтың  кәсіби 
қалыптасуларына жағдай жасау; 

педагогикалық 
әрекеттегі 
қиындықтарды 
жеңудің 
психолгиялық жағдайларын анықтау; 

қиындықты жою үдерісін белсендендіру; 

ӛзінжетілдіру,  ӛзбетті  білім  алу,  ӛзін  қалыптастыру,  яғни 
ӛзінің  арнайы  және  псхолого-педагогикалық  дайындығын 
жетілдіру кезеңдерңнде психологиялық қолдау кӛрсету. 
 
 
 
 


 
77 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет