Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


ІІІ. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет32/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   203
ІІІ. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
1. Педагогиканы оқыту процессі және оның ерекшеліктері  
Ӛркениеттің 
қазіргі 
даму 
сатысының 
ерекшеліктері 
мәдениеттің,  экономиканың,  қоғамдық  және  жеке  ӛмірдің  барлық 
аймақтарындағы жаһандық инновациялармен байланысты. Әлемдік 
технологиялық ӛзгерістер, интеллектуалдық интеграцияның дамуы, 
ӛндірісте  электрондандыруды  кеңінен  пайдалану  ХХІ  ғасырдың 
жаңа  тенденцияларын:  ғылыми,  жоғары  технологиялық,  ақпаратқа 
және  коммуникацияға  толы,  бүгінгі  күннің  міндеттерін  шешуді 
талап  ететін,  болашаққа  бағдарланған  тенденцияларды  анықтауға 
мүмкіндік берді.  
ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет 
дәуірі,  қоршаған  ортаға,  адам  денсаулығына  ұқыпты  қатынас 
дәуірі.  Адамзаттың  жаңа  дәуіріне  жаңа  білім  беру    жүйелері  және 
оқытудың жаңа модельдері сәйкес келу қажет.  
Әлемде  мемлекеттің  экономикалық  жетістіктері  оның  білім 
беру  жүйелерімен,  жұмыс  күшінің  барлық  деңгейлерінде 
даярланған  азаматтардың  білімділігімен  анықталатыны  байқалды. 
Қоғамның  біліміділік  әлеуеті  мықтылықтың  перспективті  және 
стратегиялық  факторы,  мемлекеттің  қауіпсіздігі  мен  тұрақты 
экономикалық және әлеуметтік дамуының,  халықтың ӛмір деңгейі 
мен сапасының артуының  кепіліне айналды.  
Қазіргі  әлемнің  басты  ерекшелігі  болып  жатқан  үрдістердің 
жаһандануы,  ол  адамның  дүниеге  кӛзқарасына  ықпал  етеді. 
Болашақтағы  даму  адамның  мәдениетінің,  түсінушілігінің  және 
даналығының деңгейімен анықталады деп саналуда:  

әрбір  адамның  ғаламшардың  болашағына  жаһандық 
жауапкершілігі түсінілуде; 
-  ойлаудың  кӛпқырлығы  мен  икемділігіне  объективтік 
қажеттілік мойындалуда;  
-  білім  берудің  жауапкершілікті  ойлау  және  саяси  шешімдер 
үшін идеялар кӛзі ретінде рӛлі артуда;  
-  мамандар  даярлығының  сапасы  отандық  ӛнімнің  әлем 
нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне және ұлт ӛмір сүру деңгейіне 
тікелей әсері түсінілуде. 
Осыған  байланысты  білім  берудегі  дағдарысты  жеңу  білім 
берудің  жаңа  парадигмаларын  іздеуден  кӛрінеді.  Парадигма 
философиялық мағынасында – уақытпен ӛзгеретін және ғылымның 


 
80 
дамуының қандай да бір сатысына тән бастапқы тұжырымдамалық 
үлгі.  
Бұл  бағыттыға  ғылыми  ізденіс  білім  беру  философиясымен 
жүргізіледі,  бұл  адамзаттың  ӛзекті  мәселелерін  шешуде  білім 
берудің құндылықты-мәнді аспектілерін,  білім берудің әлеуметтік 
рӛлін  зерттейтін  ғылым.  Оның  басты  қызметі  прогностикалық 
қызмет болып табылады.  
Бұл  жағдайларда  адамзат  интеллектісін  жаңа  операционалды 
мүмкіндіктермен 
қаруландыру 
туралы 
ғана 
емес, 
оның 
инновациялық қабілеттері туралы сӛз болуда.  
Инновациялық  білім  берудің  мақсаты  жаңаны  игеріп  қана 
қоймай,  сондай  жаңаны  ойлап  шығара  алатын  новатор-маманды 
қалыптастыру. Білім берудің жаңа жүйесіндегі орталық орын жаңа 
білімді  ӛндіру  алу  қажет  (іргелі  және  қолданбалы  ғылыми 
ізденістер, тәжірибелі ӛндіріс т.с.с.). Соңғысы әрдайым орын алып 
отырды,  алайда  ақпараттық  қоғамға  кӛшу  жағдайында  жоғары 
мектептің білім беру үрдісінің міндетті бӛлігіне айналды.   
Кәсіби  білім  беру  мақсаты  педагогикалық  іс-әрекеттің 
жүйеқұраушы 
қызметі. 
Мақсатты 
таңдаудан 
оқыту 
мен 
тәрбиелеудің  мазмұнын,  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдау  тәуелді 
болады.  Педагогикалық  мақсаттардың  түрлері  ӛте  кӛп.  Олардың 
ішінен  білім  берудің  нормативтік  мемлекеттік  мақсаттарын, 
қоғамдық  мақсаттарды,  оқытушылардың  ӛздерінің  бастамашыл 
мақсаттарын бӛлуге болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет