Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет47/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   203
Тақырыптық қадағалау – тақырып, бӛлім материалдары ӛтіліп 
болған соң ӛткізіледі.  
Қорытынды  қадағалау  –  оқу  процесінің  соңғы  нәтижелерін 
жинақтау  үшін  қолданылады.  Ол  пән  бойынша  бүкіл  білім, 
ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.  
Ӛтілген  материал,  тақырып  ізімен  қадағалау  –  тақырып,  курс, 
бӛлім  ӛтіліп,  бірқанша  уақыт  озған  соң  қалдық  білімді  анықтау 
үшін  қолданылады.  Мерзім  үш  айдан  жарты  жылға  дейін  не  одан 
кӛп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін 
соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.  
Қадағалау  әрқилы  формада  жүргізілуі  мүмкін.  Формалық 
жағынан  мұндай  жұмыс жеке-дара, топтық  және сыныптық  болып 
бӛлінеді.  


 
112 
Қадағалау  барысында  әрқилы  әдістер  де  қолданылуы  мүмкін. 
Қадағалау  әдістері  дегеніміз  –  бұл  білім  алушылардың  оқу 
танымдық  іс  -  әрекеттері  мен  Педагогдер  жұмыстарының 
нәтижелілігін айқындауға жәрдемші жол, тәсілдер. 
Педагогикалық  практикада  ауызша,  жазбаша,  тәжірибелік, 
компьютерлі  (машынды)  қадағалау  және  ӛзіндік  қадағалаулар 
қолданылуда.  
Ауызша  қадағалау  –  білім  алушыларға  ауызекі  сұрақ  қоюмен 
орындалады.  Ол  шәкірттердің  білім,  ептілік  және  дағдылар 
деңгейін  айқындауға,  сонымен  бірге  білім  алушының  материалды 
баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен 
тӛңіректе  болып  жатқан  оқиғаларды  түсіндіре  алу  ептіліктерін 
байқауға,  ӛз  пікірін  білдіру  мен  дәйектеу  және  қателікті 
кӛзқарастарға қарсы тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Жазбаша  қадағалау  –  жазба  бақылау  тапсырмаларын 
(жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар 
бойынша  есеп  беру  ж.  т.  б.)  орындау  формасында  жүргізіледі. 
Мұндай қадағалау әдісі барлық білім алушылар білімін бір уақытта 
тексеруге  мүмкіндік  береді,  алайда  жазба  жұмыстары  кӛзден 
ӛткізіліп, бағалау кӛп уақытты талап етеді.  
Тәжірибелік  қадағалау  –  оқу,  тұрмыс  және  ӛндірістік  ептілік, 
дағдылардың  қалыптасуын  не  қозғалыс,  қимыл  дағдыларының 
орнығуын анықтауда пайдаланылады.  
Ақпараттық 
технологиялардың 
дамуымен 
компьютерлі 
қадағалау ӛркен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының 
да,  білім  алушының  да  уақытын  үнемдеуге  кӛп  кӛмегін  тигізеді. 
Компьютерлі  қадағалау  арқылы  білім  деңгейін  ӛлшестіру  мен 
бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу 
нәтижелерін  статистикалық  талдау  мен  ӛңдеу  ӛте  жеңіл.  Білім 
бағалаудағы педагог субьективизміне машина шек қояды.  
Машина арқылы қадағалау қолданумен ӛзіндік қадағалауды да 
оңтайлы  ұйымдастыруға  болады,  дегенмен  ӛзіндік  қадағалауды 
қарапайым  жолмен  де  ӛткізу  мүмкін.  Бірақ  бұл  үшін  білім 
алушыларды  ӛз  бетінше  қателіктерін  байқауға,  танымдық 
міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, 
түзеу және реттеуге үйрету қажет.  


 
113 
Әртүрлі  қадағалау  әдістерінің  бірге  қолданылуы  аралас 
(тығыздалған)  қадағалау  деп  аталады.  Әдетте,  мұндай  тексеру 
ауызша және жазба сауалнамалар беру түрінде ӛтеді. 
Оқу  процесіндегі  қадағалауларға  тӛмендегідей  педагогикалық 
талаптар қойылады: 
–  қадағалаудың  даралықты  сипаты.  Әр  білім  алушы  жұмысы, 
оның жеке оқу іс-әрекеттері ӛз алдына қадағаланады. Бір шәкірттің 
оқуындағы  нәтижелерді  ұжымдық  жұмыстар  қорытындыларымен 
не керісінше алмастыруға болмайды;  
– жүйелілік  қадағалаудың  оқу  процесі  барша  кезеңдерінде 
үздіксіз, ретімен ӛтіп тұруы;  
–  қадағалау  формаларының  әртүрлігі.  Осыдан  қадағалаудың 
оқыту-үйрету,  дамыту  және  тәрбиелеу  қызметтері  қамтамасыз 
етіледі;  
– қадағалаудың  жан-жақтылығы.  Қадағалау  білім  алушының 
теориялық  білімдерін,  ақыл-ой  парасаттылығын,  тәжірибелік 
ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді;  
– қадағалаудың  шынайылығы.  Қадағалауда  субъектив  және 
қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;  
– жекелестірілген  бағыт-бағдар.  Білім  алушылардың  жеке-дара 
тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс; 
– педагог тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.  
Соңғы  кездері  тестік  қадағалау  кӛптеп  қолданылуда.  Мұндай 
тексерудің  негізгі  құралы  –  тест  тапсырмалары.  Ӛлшестіру, 
анықтау  нысаны  тұрғысынан  педагогикалық,  психологиялық, 
әлеуметтік-психологиялық,  мәдени-эстетикалық  таным  тестері 
ажыралады.  
Оқу  іс-әрекеттерінің  нәтижелерін  бағалау  білім  алушылардың 
оқу-танымдық  жұмыстарын  қадағалау  нәтижесі  сол  жұмыстарды 
бағалаудан  кӛрінеді.  Бағалау  –  білім,  ептілік  және  дағдылардың 
игерілу дәрежесін анықтау.  
Бағалау  қызметтерінің  сандық  кӛрсеткіші  –  баға,  яғни  баға 
білім  алушылардың  білім,  ептілік,  дағдылар  дәрежесінің  шартты 
сан не ұпаймен белгіленуі.  
Оқу  нәтижесі  тек  баға  емес,  басқа  да  жолдармен  анықталуы 
мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау,  алғыс жариялау, 
мақтау парағы не медальдармен мадақтау және т.б.  
Білім  бағалауда  шынайылылық,  білім  сапасын  анықтаудағы 
бірыңғай  талап  үлкен  маңызға  ие.  Себебі,  білімдік  баға  білім 


 
114 
алушыға ықпал жасаудың ӛте нәзік құралы. Кӛтеріңкі баға шәкіртті 
қуантады,  қанаттандырады,  сонымен  бірге  оның  жұмысқа  болған 
немқұрайлылығын да пайда етеді. Әсіресе, болымсыз бағаның әсері 
күшті:  ол  білім  алушының  оқуға  деген  ықыласын  арттыруы  да  не 
тіпті  оқудан  бас  тартуға  ықпал  жасауы  мүмкін.  Сондықтан  да, 
кейінгі  жылдары  бағалау,  баға  қою  мәселесі  үлкен  пікір  талас 
туғызып  отыр.  Педагогтардың  бір  тобы  сыныптан  сыныпқа  білім 
алушыны  білім  сапасына  қарамастан  ӛткізуді  ұсынуда.  Осыған 
байланысты  еліміздегі  бағалау  проблемасының  әр  кезеңдегі  жайы 
ӛз алдына қызықты.  
1917  жылға  дейін  білім  алушылар  білімі  балдық  жүйеде 
бағаланды.  Баға  нӛлден  беске  дейінгі  алты  балдық  жүйеде 
қойылды.  Кейін  нӛлдік  баға  жойылып,  бес  балдық  жүйе 
қабылданды.  Оқу  нәтижесін  балл  бойынша  бағалау  әрқилы 
кӛзқарастар  туындатты.  1917  жылдан  соң  тіпті  оқу  жүйесінде 
бағалау,  баға  қоюға  қарсылықтар  да  болды.  Кеңестік  еңбек 
мектебінің  тұжырымдамасына  орай  оқу  іс-әрекеттері  шәкірттің 
қызығушылығына,  дербестігіне,  ынталылығына,  шығармашылық 
сипатына негізделуі тиіс болды.  
Дәстүрлі  келе  жатқан  білім  алушыларды  баға  жәрдемімен 
тәртіпке шақыру әдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918 жылы 
Кеңестік  ӛкімет  жарлығымен  білім  алушы  білімі  мен  тәртібін 
балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылды, 
сыныптан  сыныпқа  ӛткізу,  куәліктер  беру  білім  алушылар  білімі 
жӛніндегі  педагогикалық  кеңес  шешімі  негізінде  орындалатын 
болды. 
 Емтихан  түрлерінің:  қабылдау,  ауыстыру,  бітірту  –  қай-қайсы 
да жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы білім алушыны жеке-
дара  тексеру  де  орынсыз  деп  табылды.  Ӛте  қажетті  жағдайларда 
жалпылама  сынақтау  сипатындағы  ауызша  сұрақтар  мен  жазба 
жұмыстарды  ғана  ӛткізуге  рұқсат  берілетін  болды.  Білім 
алушылармен  ӛтілген  тақырыптар  бойынша  мерзімді  әңгіме-
сұхбаттар  жүргізу,  оқыған  кітаптары  мен  мақалалары  бойынша 
баяндарын  тыңдау  ұсынылды.  Білім  алушылардың  жеке 
таңдауымен ӛз бетінше орындаған жұмыстары дәріптелді. Дәстүрлі 
қадағалау  жүйесі  ӛзіндік  бақылаумен  ауыстырылды,  жеке  білім 
алушы  табыстары  еленбей,  ұжымдық  жетістіктер  негізге  алынды. 
Ӛзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.  


 
115 
Бағасыз  оқу  бір  жағынан  тиімді  де  болды,  себебі  білім 
алушылардың  біршамасында  дербес,  ӛз  бетінше  оқу  қабілеттерін 
дамытты.  Дегенмен,  мұндай  оқу  кӛпшілік  жағдайларда  білім 
алушылар  білімінің,  тәртібінің  құлдырауына  алып  келді.  Білім 
алушылар  мектепте,  үйде  тиянақты  білім  игеру  жұмыстарын 
тоқтатты,  сабақтарға  қатыспайтын  болды.  Сондықтан  да, 
алғашқыда қадағалаудың әрқилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал 
1932  жылдан  жеке  білім  алушының  білімі  оның  даралықты 
ерекшеліктерін  ескерумен  жүйелі  бағалау  принципі  негізінде 
орындалатын болды.  
1935  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап,  бес  сӛздік  (вербалды) 
баға:  «ӛте  жақсы»,  «жақсы»,  «қанағаттанарлық»,  «жаман»,  «ӛте 
жаман»  –  енгізілді.  Бұл  жүйе  1943  жылға  дейін  сақталды.  1944 
жылдың  қаңтарынан  білім  алушы  білімі  мен  тәртібін  бағалаудың 
сӛздік  бағамен  сандық  баға  жүйесімен  ауыстыру  жӛнінде  шешім 
қабылданды.  
Реттелген  тәртіпте  білім  есебін  жүйелі  жүргізу  ӛзін  ақтады, 
білім  алушылардың  оқу  дайындығы  мен  мінез  құлық  сапасынан 
кӛтерілуіне ұнамды себін тигізді.  
Оқу  іс-әрекеттерінің  нәтижесін  балл  жүйесінде  бағалау 
кӛптеген  кемшіліктеріне  қарамастан  ӛз  білім  алушымасын  таппай 
отыр.  Дегенмен,  педагог  ғалымдардың  кӛбі  сауаттылық  дәрежесін 
бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дәйегі: 
– білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (―1‖, ―2‖ 
бағалары білімсіздік кӛрсеткіштері).  
–  білімділікті  бағалаудың  шынайылығы  кем  (―5‖,  ―4‖,  ―3‖ 
бағалары  гимназиялық  сыныптарға  да,  дарынды  білім  алушылар 
топтарында да, ақыл-есі кем білім алушылар оқуында да бірдей тең 
қойылады.  Ал  аталған  оқу  түрлеріндегі  білім  игеру  нәтижесіне 
қойылған  талаптар  әрқилы  болатындықтан  бағалардың  мәні 
біркелкілігін жояды).  
–  білім  алушылар  білімін  бағалауда  үш  балдық  ӛлшем 
жеткіліксіз  (сондықтан  да  оқытушылар  қосымша  ӛлшемдер 
қолданып  жүр:  балл  жанына  ―плюс‖  не  ―минус‖  белгілерін 
қояды).Ғалымдар  он  балдық,  он  екі  балдық  тіпті  жүз  балдық  та 
бағалау жүйелерін ұсынуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет