Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет46/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

Тестілердің тҥрлері:  
• ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу. 
• арнайы қабілетті тестілеу. 
• үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер. 
•  жеке  сапаларды  есті,  ойлауды,  мінезді  анықтауға  арналған 
тестілер. 
Үлгерім  тестілерінің  қорытындысы  білім  алушылардың  даму 
деңгейін  толық  сипаттамайды.  Тест  құрастыруға  қойылатын 
талаптар:  
• білім стандартына сәйкестігі; 
• қате жауаптарды енгізу; 
• дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек; 
• дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру; 
•  бір  сұрақ  жауабының  басқа  сұрақтарға  жауап  беруге 
кӛмектеспеуі. 
Диагностикалаудың маңызды бӛлігі – бұл қадағалау. Қадағалау 
–  білім,  ептілік  және  дағдылардың  игерілу  процесіне  бақылау 
қоюды  аңғартады.  Қадағалау  тексерулерден  тікелей  құралады. 
Тексеру  –  бұл  білім,  ептілік  және  дағдыларды  игеру  барысын 
бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар жүйесі.   
Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс 
түзуді қамтамасыз етеді, яғни білім алушылардың оқу әрекеттерінің 
нәтижесі жӛніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы 
ӛз  шәкірттерінің  қай  білімді  қандай  деңгейде  игергенін,  жаңа 
ақпарат  қабылдауға  қаншалықты  дайын  екендігін  анықтайды. 
Сонымен  бірге  білім  алушылардың  ӛзіндік  оқу  жұмыстарының 
сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нәтижесінде педагог 
ӛз  оқу  жұмыстарының  қаншама  дәрежеде  жемісті  болғанын, 
педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай 
деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.  
Бақылау,  қадағалау  кезінде  білім  алушының  ӛзі  де  ӛз  оқу 
жұмыстарының  нәтижесі  бойынша  ақпарат  алады.  Бұл  оған  білім 
игеру  барысында  қандай  жетістіктерді  қолға  түсіргенін,  сонымен 
бірге 
ӛз 
кемшіліктері 
мен 
олқылықтарының 
пән 
бағдарламаларының  қай  тұстарымен  байланысты  болғанына  кӛз 
жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан білім алушының тәртібі 


 
111 
жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік 
сапаларын дамытады.  
Қадағалау түрлері, формалары және әдістері  Оқу процесіндегі 
қадағалау  әртүрлі,  кӛп  формалы  бола  келіп,  сан  қилы  әдістермен 
атқарылады.  Педагогикалық  тәжірбиеде  қадағалаудың  бірнеше 
түрін  атауға  болады:  алдын-ала,  ағымдық,  мерзімдік,  тақырыптық, 
қорытынды және ӛтілген материал ізімен.  
Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай 
жүргізіледі. Мұндағы мақсат – білім алушылардың оқуды бастауға 
дейін  игерген  білім,  ептілік,  дағдыларының  деңгей,  дәрежесін 
анықтау.  Бұл  жұмыс  жыл  басында  не  тақырыпты  ӛту  алдынан 
ӛткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде Педагог оқу 
жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.  
Ағымдағы 
(кҥнделікті) 
қадағалау 
– 
оқу 
барысында 
ұйымдастырылып,  білім,  ептілік  және  дағдылардың  қалыптасу 
дәрежесін,  сонымен  бірге  игерілген  материалдың  қаншалықты 
терең  және  берік  бекігенін  анықтау  үшін  қолданылады.  Бұл 
қадағалаудың  тиімділігі  –  білім  алушылар  біліміндегі  кемшіліктер 
мен  олқылықтарды  дер  кезінде  байқап,  бағдарлама  ақпараттарын 
меңгеруде  кӛмек  кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Күнделікті 
қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы білім алушылардың әр сабаққа 
мұқият  әрі  тыңғылықты  дайындалып  жүру  жауапкершілігін 
арттырады.  
Мерзімді 
қадағалау 
– 
белгілі 
уақыт 
аралығындағы 
жұмыстардың  қорытындысын  алуға  пайдаланылады.  Ол  не  тоқсан 
не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет