170
танымдық қызығушылығын кеңейтуде, пікір айтуда маңызды.
Баяндама жазуда берілген тақырып бойынша жоспар құрылып,
қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда
алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады және
жалпылайды. Тақырып үлкен болса, баяндама сұрақтарын бірнеше
студентке бӛліп беруге болады.
Жоғары оқу орындарында студенттерге оқыған теориялық
материалдарды бекіту, орнықтыру үшін, сабақта белсенді болу
үшін, іздене, үйрене білу үшін кенінен пайдаланылатын СӚЖ-ның
келесі түрлері
аннотация, эссе, конспект жазу.
Аннотация – мәтіннің негізгі мазмұнының мүмкіндігінше
қысқа, сығымдалған түрі. Аннотацияның рефераттан басты
айырмашылығы реферат түпнұсқасының мазмұны жӛнінде түсінік
береді, ал аннотация – оның тақырыбынан ғана хабар береді.
Аннотация үшін клишелерді, арнайы айтылыстарды пайдаланады.
Аннотацияның қҧрылысы:
1. Аннотация жасалатын мәтіннің саласы, не бӛлімі.
2. Тақырыбы.
3. Түпнұсқадан шығатын мәліметтер.
4. Аннотацияның мазмұны.
Эссе – оқылған, ӛзіндік жұмыс үшін берілген тақырыпқа ӛз
ойын, ӛз пікірін, кӛзқарасын, жазбаша беру. Сондықтан да эссе –
ӛздігінен орындайтын
жұмыстың ең маңызды, тиімді түрі.
Конспект – оқитын материалдың мазмұнына жазылатын
жүйелі, логикалық байланысы бар жазба түрі. Бұған жоспар, тезис,
кӛшірмелер не осы жазбалардың екі түрі кіруге тиіс.
Жазбалар мен тезистерден конспектінің айырмашылығы,
конспект оқылған материалдағы жүйені, бірізділікті сол материалда
берілгендей мазмұндайды. Конспект жасау үшін ең маңызды деген
ақпарат алынады. Басты мәселе бӛлініп алынады, маңызды сӛз, сӛз
тіркесі кӛрсетіледі. Әрбір жаңа ой жаңа жолдан басталады.
Конспектіде автордың аты-жӛні, әдебиеттің аты, ол шыққан
баспаның аты, мекен-жайы, уақыты, беті кӛрсетіледі.
Болашақ педагогтардың ғылыми зерттеу түрлерінің ең жоғары
формасы курстық және дипломдық жұмыс. Бір жыл ішіндегі нақты
тақырыппен жұмыс жасау, ал дипломдық жұмыспен 2-3 жыл
аралығындағы оқу бітіруші студенттерге ӛздері зерттейтін
мәселенің тек теориялық жағымен танысып қоймай, сондай-ақ
171
практикалық
жағын
ұштастырып,
ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеруі ӛте маңызды.
Студенттердің
ӛздігінен
орындайтын
жұмысқа
дағдыландырылғаның кӛрсететін СӚЖ-дың келесі күрделі түрі
курстық жұмыс.
Курстық жҧмыс (Сourse work) – жекелеген оқу
пәндерінен студенттің белгілі бір тақырып бойынша танымдық
қабілеттерін дамытатын ӛздігінен орындайтын шығармашылық
ғылыми-зерттеу жұмысы «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа
байланысты білім алу дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі
пәндерден жазылып, білім алушылардың білімі, білігі мен
дағдылары бағаланады.
Курстық жұмыс1 жыл ішінде немесе бір семестр ішінде
орындалады. Оқу жоспары бойынша кейбір факультеттерде
курстық жұмысты педагогикадан жазу қарастырылған.
Курстық жұмысты орындау зерттеу әдістері мен формаларын
меңгеру,
педагогикалық
әрекетке
қызығушылығын
ояту,
педагогикалық
үрдісті
кӛру
және
талдау
қабілеттерін
қалыптастырады.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
- студенттердің психологиялық және педагогикалық мәселелері
бойынша
білімінің кеңеюі;
- студенттің
педагогикалық
тапсырмаларды
шешуге
шығармашылық дағдының қалыптасуы, оқу орыны сараманындағы
және ӛзінің жұмыс қорытындыларын бағалау қабілеттігі;
- студенттің теориялық білімдерін практикада қолдана алуы,
алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдау, педагогикалық
практикадағы
жеке
тәжірибесі
педагогикалық
үрдістегі
заңдылықтары мен негіздері орын алып отырады.
Курстық
жұмыс
психологиялық-педагогикалық
және
әдістемелік
мәселелер
бойынша
білімді
жүйелеуге,
қорытындылауға, кеңейтуге кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: