Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет137/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

Тест тапсырмаларының формалары: 
I.  Жабық  форма.  Тапсырмада  негізгі  бӛлім  және  жауаптар 
берілген. Нұсқауда кӛрсетілгені: дұрыс жауапты белгіле.  
Жабық тестіге қойылатын талаптар: 
1. Стандартты нұсқау. 
2. Тапсырмалардың бір деңгейлі шынайылығы.  
3. Мәтіннің толық анықтығы (екі жақты мән болмауы тиіс).  
4. Мүмкіндігінше қысқа болуы (5-6 сӛз). 
5. Қарапайым стилистикалық құрылым. 
6. Тапсырмада жауапқа қарағанда сӛздер саны кӛбірек болады. 
7. Дұрыс және дұрыс емес жауаптар ұзындығы бойынша бірдей 
болуы керек. 
8. Вербальды ассоциация тудыратын жауаптар болмауы керек. 
9.  Артық  сӛздер  алынып  тасталады  (берілген  суретте,  аталған 
мысалдар ішінде). 
10. Тек бір білімді емес, бірнешеуін тексеру керек. 
11.  Бір  стандартты  нұсқаудың  болуы  шарт  (мысалы,  дұрыс 
жауапты дӛңгелектеңіз). 
12. Дұрыс жауап тек біреуі болуы шарт. 
13. Негізгі бӛлім мен жауаптар арасында қарама-қайшылықтар 
болмауы тиіс (мысалы, ғарышта ғарышкерге әсер етеді: 
- ауырлық күші; 
- бекіну нүктесінің күші; 
- ешқандай күштер әсер етпейді). 
14.  Жауаптардағы  қайталанатын  сӛздерді  алып  тастау:  негізгі 
жер ӛңдеу аймақтары орналасқан: 
- тайга аймағында
- орман аймағында; 
- аралас орман аймағында
- дала аймағында. 


 
250 
ІІ. Ашық форма. Студент жауапты сӛз немесе графика арқылы 
ӛзі  береді.  Бұл  тестілерді  ағымдық  бақылауда  қолданған  тиімді. 
Оның ңұсқауы: "Толықтырыңыз...". 
Ашық тестіге қойылатын талаптар: 
1. Толықтыру сӛзі ең соңында қойылады. 
2. Толықтыру сӛзі тек біреу болуы шарт. 
3.  Барлық  бос  орындардың  ұзындығы  бірдей  болуы  тиіс. 
Мысалы:  
Ең алғашқы грек философы______________. 
Қышқыл тұздары_____________ аталады. 
Вакуумдағы жарық жылдамдығы_____________ тең. 
III. Сәйкестікке берілетін тапсырмалар 
Тапсырмалар  екі  кӛптіктен  тұрады,  оң  бағанда  –  таңдау  үшін, 
сол  бағанда  –  жауап  үшін.  Оң  жақ  бағанда  1-2  эелемент  артық 
болады. Нұсқау – сәйкестікті орнату. 
Мысалы: 
реплика пікірлер авторлар 
IV.  Дұрыс  бірізділігін  анықтауға  берілген  тапсырмалар 
(техникалық  мамандықтар  үшін  бұл  тестілер  орынды,  себебі 
алгоритмді білуді қажет етеді). 
Нұсқау: жианудың жұрыс бірізділігін анықта. 
Мысалы,  бағанда  белгілі  бір  механизмнің  бӛлшектері  мен 
бӛліктерінің атаулары аралас, ретсіз беріледі. 
Тестінің бағасы болуы мҥмкін: 
•  полигамиялық,  егер  10  тапсырманың  біреуі  дұрыс  болмаса 
балл қорытындысы 9-ға тең; 
• дихотомиялық(дұрыс жасады - 1, дұрыс емес - 0). 
Тест тапсырмаларының сипаты 
1.  Мазмұны.  Курстың  мазмұны  неғұрлым  толық  алынса, 
соғұрлым тестінің валидтілігі артады. 360 тапсырма шамамен 1,5-2 
сағтта орындалады. 
Тест тапсырмасының мазмұнына қойылатын талаптар:  
•  пәндік  тазалық  (пәнаралық  элементтер  неғұрлым  аз  болса, 
соғұрлым тест мазмұны таза болады); 
•  мазмұнның  мәнділігі.  Мазмұн  бӛліктерге  ажыратылады.  Бұл 
ӛте күрделі процесс.  
•  мазмұн  ӛзгергіш,  репрезентативті  болуы  тиіс  (пәндік  білімді 
толық ашатындай); 


 
251 
•  мазмұн  ғылыми  дәлелденген  болуы  тиіс  (қазіргі  ғылымның 
сипатталуы). 
2. Тест тапсырмаларының формалары. Форманы таңдау: 
• курс мазмұнына; 
• тестіні жасау мақсатына(бақылау); 
• тест жасаушының іскерлігіне тәуелді. 
3.  Қиындық  деңгейі:  тапсырмалар  қиындығы  әртүрлі  болуы 
тиіс;  ешкім  орындай  алмайтын  1-2  тапсырманың  болуы;  барлығы 
орындай алатын 1-2 тапсырманың болуы; тапсырмалардың 60-70 

 
қиындығы орташа деңгейлі болуы. 
4.  Саралу  қабілеті.  Білетін  студенттер  тапсырманы  орындауы 
тиіс, білмейтіндер – орындай алмайды. 
5.  Локальдық  дербестік:  тапсырмаларды  орындау  жұмыстың 
басқа формаларынорындау нәтижелерінен тәуелсіз.  
6.  Тапсырмалардың  ақпараттық  сипаты.    Әрбір  тапсырма 
ақпараттық қызмет атқарады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет