275
алушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалауды
жүзеге асырудың қырлары ашылады.
Студент
оқыту
процесінің
ілгері
идеяларын,
тұжырымдамаларын, заңдары мен заңдылықтарын білуі керек.
Дидактиканы оқыту барысында студент тӛмендегіні игеруі
қажет:
а) оқытудың әдіснамалық
негіздерін білу;
ә) дидактиканың категориялары мен түсініктеріне негізделген
жетекші педагогикалық
теорияларды білу;
б) педагогикалық теориялар мен мектеп тәжірибесінің
диалектикалық ӛзара байланысы жӛнінде білу;
в)
таным теориясын білу;
г) оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұнын,
түрлері мен әдістерін, білім алушылардың білім, білік, дағдыларын
бақылау және бағалауды білу;
д) жаңа педагогикалық
технологияның мәнін білу;
Студенттің білігі болуы керек:
1) Сабаққа оқу материалын іріктеп алу.
2) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
3) Сабақ жоспарының мәтінін құру білігі.
4) Білім алушылардың ойлау іс-әрекетін белсендірудің түрлі
тәсілдерін меңгеру.
5) Сабақта білім алқушыларды оқытудың тиімді әдістерін
таңдау білігі.
6) Сабақтың мазмұнын жасау.
7) Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
8) Оқытудың кӛрнекі, сӛздік, практикалық әдістерін ұтымды
пайдалану.
9) Оқу
жұмысының жеке, топтық, жалпы сыныптық
формаларын үйлестіру.
10) Білім алушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді табу
және жою.
11) Оқытудың түрлі формаларын пайдалана білу.
12) Оқытудың заңдылықтары мен принциптерін, теориялық
қағидаларды тәжірибеде іскер қолдану.
13) Сабақты талдай білу.
14) Оқу мотивтерін қалыптастыру.
15) Оқытудың
проблемалық
технологиясы
негізінде
педагогиканың сабақтарын құру.
276
16) Сабақта реттілікті сақтай білу.
17) Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
18) Студент жалпы орта мектепте педагогикалық процесті
ұйымдастырудың дағдыларын меңгеруі керек.
Курсты оқу, дәріс, семинар, практикалық жұмыстар,
студеттердің оқытушымен ӛзіндік жұмыстары (СОӚЖ) процесінде
жүзеге асады. Дидактика курсын нәтижелі меңгеру студенттің ӛз
бетімен ауқымды жұмысын кӛздейді.
Бакалаврлардың ӛз бетімен жұмысы жеке мәтіндерді бӛліп жазу
(конспектілеу), таблица, кесте құрастыру, рецензия мен аннотация
жазу, педагогикалық міндеттерді шешуді құрауды кӛздейді.
Дидактиканы оқу тест қабылдаумен аяқталады.
Дидактиканы оқу тӛмендегі педагогикалық пәндермен ӛзара
байланысты кӛздейді: педагогика, педагогикалық шеберлік,
педагогика тарихы, этнопедагогика.
Достарыңызбен бөлісу: