326
талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды
келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтижелі болады:
1)
білім алушылардың
мақтау алуға іштей сенімді
талпыныстарының болуы;
2) мақтау арқылы білім алушыны ұжымның қалған мүшелеріне
қарсы қоймау;
3) мақтаудың қылық-ісіне сай болуы;
4) мақтау арқылы білім алушыға жекелей шешім табуды үйрету;
5) мактаудың шындыққа негізделуі.
Жазалау – білім алушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын
ынталандыру әдісі. Жазалау – қате қылықты ескеріп тежеу, ӛз
ар-
ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін
тигізетін педагогикалық әдіс.
Жазалаудың мынадай түрлері белгілі: педагогтың ескертуі; білім
алушыны аудиориядан шығарып жіберу; ауызша және жазбаша сӛгіс;
қосымша тапсырмалар беру; белгілі бір құқығынан айыру немесе
уакытша моральдық кемшілігін таныту; оқудан шығару (оқуға
байланысты болмаса).
Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі
болуының негізгі шарттары мыналар:
1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;
2) жазаның нақты болуы;
3) жазаның міндетгі түрде орындалуы;
4) білім алушының не үшін жазаланғанын түсінуі;
5) тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;
6) жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға
бағытталуы;
7) жазаның қате қылықтары толық түсіну негізінде орындалуы;
8) жазаның ӛш алу құралы ретінде болмауы;
9) жазалаудың жеке білім алушыға бағытталуы;
10) студенттердің дара
психологиясын
біліп барып жазалау.
Дамыған елдерде барған сайын жоғары оқу орындарының оқыту
мен тәрбиесі унитарлық сипатқа ие болып, бірбасты мақсатқа – оқу
орнын бітіргеннен кейін жұмыс табу, ӛмір сүру үшін қаржы табуға
тәуелді болып барады. Білім алушыларға тәрбиесіз болудың теріс
жақтарын сезіндіретін жағдайларды тудыру – ынталандырудың
субъективтік-прагматикалық әдісі деп аталады. Оның мәні –
тәрбиелеу дәрежесінің нашар болуы, қоғамдық тәртіпсіздіктің
327
экономикалық тұрғыда зиянды екендігіне кӛздерін жеткізу.
Субъективтік-прагматикалық әдістің нақты түрлері мыналар:
1. Контрактілер, оны педагогтар мен білім алушылар жасайды,
онда екі жақтың міндеттері анық кӛрсетіледі;
2. Ӛзін-ӛзі жетілдірудің жеке карточкасын оқытушылар мен
студенттердің бірлесіп құруы;
3. Қызығушылық бойынша сараланған топтар құру, онда білім
алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақылы да
болуы мүмкін;
4. Мониторинг – білім алушылардың іс-әрекетін, дамуын т.б.
үздіксіз бақылау, сол арқылы жеке дамуының бағытын, «тағдыр
сценарийін» т.б. анықтау;
5. Тестілер арқылы тәрбиелік, әлеуметтік дамуын, бағытын,
азаматтық кӛзқарасын анықтау, алынған нәтижені сайыстар, іскерлік
ойындар, жарыстар, байқаулар, т.б. арқылы тексеріп отыру;
6. Айыппұл салу арқылы жазалауды, яғни теріс іс-әрекетін
ақшалай ӛтету, құқық және ерік ауқымын азайту т.б.
Жарыс – іс-әрекетті ынталандыру әдісі болы табылады. Жарыс
– адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде білім
алушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс.
Жарыс әдісі – ӛз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра
отырып тұлға қасиеттерін калыптастыру және бекіту жолы.
Жарысты
ұйымдастыру
барысында
білім
алушылардың
психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда
мына жағдайларды ескеру кажет: 1) жарысты белгілі максатқа орай
ұйымдастыра білу; 2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын
анықтау.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу – ӛзінде белгілі бір қасиеттерді дамытуға
бағытталған адамның саналы іс-әрекеті. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу –
тұлғаның ӛзінде меншікті құлықтық (адамгершілік) қасиеттерді
қалыптастыруға бағытталған саналы іс-әрекет. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу
процесінің кезеңдері – мақсатты анықтау, белгіленген жұмысты
орындау, жұмыс қорытындыларын жинақтау. Қайта тәрбиелеу –
этикалық нормаларға қарама-қайшы келетін кӛзқарастар мен мінез-
құлық түрлерін игерту.
Достарыңызбен бөлісу: