334
Білім алушыны ұжымдык қатынас үрдісіне енгізу қиын әрі
күрделі шаруа. Ең алдымен тұлғаның жекелей мәнді екенін ескеру
керек. Білім алушыларды – болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен
денсаулықтарына, сыртқы кӛріністеріне, мінез-құлықтарына,
қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап
ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі
болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде
ұжымға кері есерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас
жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі маңызды болып
табылады. Ол арқылы білім алушының сана-сезім ерекшеліктері,
құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы
ұжымның дәстүрлі тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай
келмеуі де мүмкін. Студент тәжірибиесі басқаша болған жағдайда
тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес ӛз құрдастарымен қарым-
қатынас орнатуы қиынға түседі.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана
емес, ұжымға да байланысты. Ӛз күшін, салт-дәстүрін құрған,
басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол
жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым
басқаларына қарағанда ӛзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа
оңай түседі.
Әрбір адам аз немесе кӛп күш жұмсау арқылы ұжымдағы ӛз
орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе
субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы
бірдей табысқа
қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам
ұжымдағы кейбір құндылықтардың ӛзіне сәйкес келмеуінен ӛз
жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді.
Әсіресе, ұжымның, достарының ӛзіне деген қатынасын бағалай
алмайтын, жаңа жағдайда ӛзін-ӛзі тануы мен бағалауы сияқты
касиеттері толық дамымаған бірінші курс студенттеріне мұның
қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті
себептері бар. Олар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы
білім алушының атқаратын рӛлінің тарлығы, ұжым мүшелері
арасындағы
қатынастың
ұйымдастыру
формаларының
біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау
мәдениетінің кемшілігін ескеруге тұрарлық бағалы да қылықты
қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы
қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1) Тұлға
336
билігін жүргізу - олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар
ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына кӛп мән
бермейді, басты мақсаты – ӛз беделін ғана таныту.
Достарыңызбен бөлісу: