Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет197/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

Эстетикалық  пәндер  негізінде:  әдебиет,  кӛркемӛнер,  музыка 
сабақтары  табиғаттың  эстетикалық  мәнін,  оның  ӛзіне  тән 
қайталанбас 
сұлулығын, 
адамға 
және 
жалпы 
қоғамға 
маңыздылығын  ашып  кӛрсетеді.  Ӛнер  табиғатты  жандандырады, 
адамның  сүйіспеншілігін  оятады  және  оның  бӛлінбес  бӛлшегі 
екендігін ұғынуға мүмкіндік береді.  
Экологиялық  білім  беру  бағдарламасын  жҥзеге  асыру 
кезеңдері: 
I  кезең.  Оқушыларды  негізінен  ӛзінің  айналасында  не  болып 
жатыр, міне осыны түсінуге баулу керек.  
II  кезең.  Экологиялық  міндеттерді  анықтап,  оларды  шешу 
жолдарын  белгілеуге,  қоршаған  ортаның  жағдайын  айқын 
парасатттылықпен және сын кӛзбен бағалай білуге үйрету.  
III  кезең.  Жоғары  сынып  оқушыларын  ӛзінің  тұрғылықты 
мекені,  қала  мен  ауылдың  экологиялық  жағдайын  түсіне  білуге 
үйрету. 
IV  кезең.  Оқушылармен  бірлесе  ӛзінің  тұрғылықты  мекенінде 
экологиялық жағдайы нашар немесе апат аймақтарды қорғауға алу 
жұмыстарын ұйымдастыру. 
 


 
360 
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
6. Жаттығу «Еркін жазу»  стратегиясы 
Студенттер  сабақ  бойына  жаңа  ақпарат  жайлы,  одан  алған 
әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы 
ӛз  пікірін  қағаз  бетіне  түсіруді  тапсырады.  Жазуға  уақыт  беріледі. 
Уақыт  аяқталған  кезде  студенттер  ӛз  жазғандарымен  топ 
мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда 
оқылады. 
 
Эстетикалық тәрбие 
Ӛркениет  ӛрісінде  адам  ӛзін  қоршаған  ортада  сұлулық  іздеп, 
сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. 
Эстетика  категориясының  ең  негізгісі  –    әдемілік.  Әсемдік  –  бұл 
ӛмірдің  ӛзі,  бұл  табиғат  және  адам  қарым-қатынасы  мен  оның 
еңбегінің жемісі. 
«Эстетика»  термині  гректің  «эстезис»  –  сезімталдық  деген 
сӛзінен  шыққан.  Бұл  сӛзді  алғаш  рет  неміс  ӛнертану  ғалымы 
Баумгартен  ғылыми  атау  ретінде  енгізіп,  1750ж.  оның  «Эстетика» 
деген  еңбегі  жарық  кӛрді.  Сол  кезден  бастап  эстетика  ғылым 
саласына  айналды.  Ал  эстетика  ұғымының  ӛзі  ертеректе  туған. 
Оның бастауы ежелгі заманға кетеді.  
Эстетикалық  тәрбие  –  бұл  ӛнерде  және  ӛмірде  әсемдікті 
толықтай  қабылдап  және  дұрыс  түсінуге  жеке  адамның  қабілетін 
дамытуға мақсатты түрде бағытталған үрдіс.  
Эстетикалық  тәрбиенің  мақсаты  –  эстетикалық  талғамды  және 
ӛмір  шындығына  (еңбекке,  қоғамдық  іске,  табиғатқа,  ӛнерге,  ӛз 
қылығына) эстетикалық қатынасты қалыптастыру.  
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: 
-  эстетикалық  сананы  қалыптастыру,  яғни  отандық  және 
дүниежүзілік мәдениет, эстетика негіздері бойынша білімдер жинағы, 
ӛнерде,  халық  кӛркемӛнер  шығармашылығында,  табиғатта,  адамда 
шынайы әсемдікті айырып, түсіне білу кабілеті; 
-  эстетикалық  сезім,  талғамды  қалыптастыру,  кӛркем  - 
шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетін  және  мотивациясын 
(сұранысын; қызығушылығын т.б.) дамыту; 
-  кӛркем-шығармашылық  іс-әрекеттің  тәсілдерін  қалыптастыру, 
дарынды білім алушыларды қолдау, тұрған ортасын, еңбегін, оқуын 
эстетикалық  нормаға  және  құндылықтарға  сай  ұйымдастыру 
тәжірибесін (іскерліктер мен дағдылар) жасау. 


 
361 
Эстетикалық  тәрбиенің  жалпы  принциптерімен  бірге  ерекше 
принциптері де бар: 
-  эстетикалық  тәрбиенің  және  кӛркемӛнер  білімінің  бәріне 
қатыстылығы және міндеттілігі; 
- эстетикалық тәрбиенің бүкіл істеріне кешенді тұрғы; 
-  білім  алушылардың  кӛркемӛнер  және  жалпы  психикалық 
дамуының бірлігі; 
- білім алушылардың кӛркемӛнер-шығармашылық іс-әрекеті және 
ӛнерпаздығы (самодеятельность); 
-  білім  алушылардың  бүкіл  ӛмірінің  эстетикалық  талаптарына 
сай болуы; 
-  білім  алушылардың  жастық  психологиялық-педагогикалык 
ерекшелігін есепке алу; 
Эстетикалық тәрбиенің мазмұны: 
- қоршаған дүниені эстетикалық қабылдауды, әсемдікті бағалау 
және жасау қабілетін дамыту; 
- эстетикалық сезім мен эмоцияларды дамыту; 
- ӛнер, мәдениет, табиғат объектілері аясында білім алушыларға 
эстетикалық білім беру; 
-  білім  алушылардың  эстетикалық  нышандарын,  қабілетін  және 
ынталарын дамытуға бағытталған жекелік эстетикалық тәрбие; 
-  эстетикалық  қатынастарды,  қабылдауды,  сезімдерді,  талғамды 
және мұраттарын қалыптастыру. 
Эстетикалық  тәрбиенің  формалары:  конкурстар,  викторина, 
әртүрлі  оқу  орындары  мен  мекемелері,  үйірмелер,  шығармшылық 
топтар, ұжымдық, жаңа формасы –  «ұшқын» концерті, ӛнерпаздар 
театры,  әдеби-шығарма  конкурсы,  ұнамды  сабақ  эстафетасы, 
гигиеналы  мәдениет,  тазалық  пен  тәртіпті  тек  оқу  орындарында 
ғана емес, сол аймақта сақтау қажеттігімен байданыстыру т.б. 
Эстетикалық  тәрбиеде  тәрбиелеудің  жалпы  әдістерін  кеңінен 
пайдаланады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру жолдары:  
-  оқыту  үрдісінде:  тілдер,  әдебиет,  тарих,  саз,  бейнелеу  ӛнері, 
дүниежүзілік  және  отандық  кӛркемӛнер  мәдениет  дәрістері  мен 
семинарлары;  
-  оқудан  тыс  тәрбиелік  жұмыстың  әр  түрлі  формалары  мен 
түрлері;  
- жалпы және қосымша білім беру, яғни тәрбиелеу және оқыту, 
мәдениет және т.б, мекемелерінде кӛркем-шығармашылық іс-әрекетке 
баулу. 


 
362 
Эстетикалық 
тәрбиенің 
кӛптүрлі 
құралдары 
кӛркемдік 
жұмыстарда кӛрінеді. Эстетикалық тәрбиенің құралдары сан-алуан: 
табиғат, еңбек, адам қатынасы, ӛнер және т.б., ал тәрбиелеу кӛздері 
-  қоршаған  орта,  оқу-үйрету  еңбегі,  ӛнер  әлемі,  музыка,  суреткер 
шығармасы т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет