148
біртіндеп шешуге итермелеу. Бұл үшін жаңа теориялық материал
проблемалық міндет түрінде ұсынылады. Оның шартында қарама-
қайшылықтар болады, оларды тауып, шешу қажет. Оның шешілуі
нәтижесінде оқытушымен біріге отырып, жаңа қажетті білім
табады. Осылайша, студенттердің таным үрдісі бұл жағдайда
іздену, зерттеу әрекетіне жақындатылады.
Басты шарт –
дәріс
материалын, оның мазмҧнын таңдау және ӛңдеу барысында
проблемалық ҧстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың
диалогтық формасы қолданылады.
Проблемалық дәріс арқылы
теориялық
ойдың
дамуы,
пәннің
мазмұнына
танымдық
қызығушылық, кәсіптік
мотивация, корпоративность дамытылады.
Дәріс-визуализация кӛрнекілік принципін жүзеге асырудың
жаңа мүмкіншіліктерін іздеудің нәтижесі ретінде пайда болды. Бұл
дәріс визуальды формаға ӛзгертілген ауызша ақпарат болып
табылады.
Бұнда
оқытушы
мазмұндық
ақпарат
беретін
демонстрацилау
материалдарын,
кӛрнекіліктер
(слайдтар,
пленкалар, планшеттер, сызбалар, суреттер, кестелер, т.б.) даярлау
қажет. Дәріс визуальды материал бойынша біріктірілген, толық
комментарий беру болып табылады. Визуальды материал:
1. бар білімнің жүйеленуін қамтамасыз
етуі керек;
2. жаңа ақпараттың меңгерілуін
қамтамасыз етуі керек;
3. проблемалық
ситуацияларды тудыру және шешуді
қамтамасыз етуі керек;
4. кӛрсетудің түрлі тәсілдерін қамтамасыз етуі керек.
Оқу материалына байланысты кӛрнекілік түрлері: табиғи
(минералдар, реактивтер, машиналардың бӛлшектері), бейнелі
(слайдтар, суреттер, фотолар), символдық (сызбалар, кестелер).
Визуальдық дәрісте материалдың белгілі бір визуальдық
қисыны және жылдамдығы, оның мӛлшері, оқытушының
аудиториямен қарым-қатынас жасау шеберлігі және стилі. Бұндай
дәрістің басты қиындығы – визуальдық құралдарды жасау және
дәрісті оқу үрдісін даярлау. Мына жағдайларды есепке алған жӛн:
- аудиторияның даярлық және білімділік
деңгейлерін;
- кәсіби бағытталуын;
- нақты тақырыптың ерекшеліктерін.
Кез-келген материал және кез-келген пән бұл формада
баяндалуға келмейді. Бірақ бұл дәрістің элементтерін кез-келген
пәнде қолдануға болады (мысалы, мәдениеттану, дизайн және т.б.).
149
Екі адам оқитын дәріс – бұл екі оқытушының диалогы
барысында материалды проблемалық жолмен ұсынудың түрі.
Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы
кӛрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің
ӛкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы)
модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу
мәдениетін кӛрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді
қатысуға, ӛз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей
болуы керек. Артықшылықтары:
1. диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім
ӛзектілікке иеленеді;
2. проблемалық ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі
белгіленеді және т.б.;
3. екі ақпарат кӛзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға,
таңдау жасауға, ӛз кӛзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4. пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында кӛрнекі түсінігі
қалыптасады;
5. педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы
танылады.
Достарыңызбен бөлісу: