152
Семинар сабақтарының басты
мақсаты – білім алушыларға
зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді
қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру.
Семинарда мынадай
педагогикалық міндеттер шешіледі:
- кәсіби шығармашылық ойды дамыту;
- танымдық
мотивация;
- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану: а) сәйкесінше
ғылымның
тілін
меңгеру;
ә)
түсініктерді,
ұғымдарды,
анықтамаларды
қолдану
дағдылары;
б)
интеллектуалды
проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, ӛз пікірін қорғау,
басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай
жеке
міндеттерді де шешеді:
- білімді
қайталау және бекіту;
- бақылау;
- педагогикалық қарым-қатынас.
Колледждер
мен
ЖОО-ғы
семинарлар
үш
бағытта
қолданылады:
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында ӛткізілетін
семинар.
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық
сипаттағы тақырыптың жан-жақты ӛңдеу үшін ӛткізілетін семинар.
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында
нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.
Қазіргі колледждер мен ЖОО-ғы
семинар сабақтарының ҥш
типі бар: просеминар,
кәдімгі семинар, арнайы семинар.
Просеминар – семинарға дайындау үшін бірінші курста
ӛткізілетін сабақ. Мақсаты – білім алушыларды ӛздік жұмыстың
ерекшелігімен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат кӛздерімен,
жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе кӛрсеткендей,
бірінші курс білім алушылары ақпарат кӛздерімен жұмыс жасауды
біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды.
Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға,
материалды шығармашылықпен ӛңдеуге ерекше назар аударған
жӛн.
Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір
тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау,
қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3
153
курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда
шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: