167
қажеттіліктер және әлеуметтік келісілген жиынтық; мақсат-бұл
білімді меңгеруде әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру және
шынайылық туралы объективті жаңа білімді алуы; объект-зерттеу
үшін белгіленген материалды немесе рухани шындық фрагменті;
пән-объектінің орнатқан шарттар жиынтығы; үдеріс-ғылыми
зерттеу логикасымен бірге жүретін бірізділік әрекет; нәтиже-ақиқат
туралы объективті жаңа білім.
Білім алушылардың кез-келген ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің
кез-келген кезеңі рефлексиямен аяқталады. Ғылыми-зерттеу іс-
әрекеттің әрбір кезеңінде рефлексияның мазмұнын ұсыну идеясы
В.А.Сластенин және Л.С.Подымованың еңбектерінде жүзеге
асырылған. Оларды анықтау мен түсіндіруге терең үңілмей,
студенттің рефлексиялық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға
кӛңіл бӛлеміз.
Тұлғаның рефлексиялық мәдениеті келесі компонеттермен
сипатталады:
адамның
проблемалы ситуацияларды шығармашылықпен
түсіну және жеңуге
дайындығымен және қабілетімен;
жаңа мән мен құндылықтарды
меңгеру іскерліктерімен;
үйреншікті емес тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесінде
бейімделу іскерлігімен;
ерекше практикалық тапсырмаларды
қою және шешу;
белгісіздікте жұмыс жасау іскерлігі.
Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының
тәрбиелік маңызы зор және ол студенттер мен оқытушылар
арасында шығармашылық байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-
ақ, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары факультет, кафедра
оқытушыларының іс-әрекеттері арасындағы байланысты арттырып,
оқу процесінің қарқындылығын, оқыту деңгейін және студенттің
дайындық дәрежесін кӛтереді.
Бүгінде жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарын қалыптастырудың ұйымдастырушылық-
педагогикалық тәжірибелері біршама жинақталды. Болашақ педагог
кадрлары дайындауда мынадай зерттеу жұмыстары ӛткізіледі:
ғылыми баяндама жазу, пікір жазу, реферат, педагогикалық
тапсырмаларды шешу, ғылыми мақала, эссе жазу, аннотация, тезис,
конспект жазу, ғылыми жоба жасау, курстық және дипломдық
жұмыс, педагогикалық практикадағы шағын зерттеулер, т.б.
169
Бақылау жұмысы титульдық беттен, жоспардан, сұрақтар тізімі
мен тапсырмалардан құралады. Сұрақтар берілген жауаптар ӛте
нақты,
қисынды,
тақырыпқа
сәйкес,
қорытындылармен,
жалпылаумен, ӛзіндік бағамен берілуі тиіс. Бақылау жұмысының
соңында әдебиеттер тізімі кӛрсетіледі.
Реферат. Реферат (лат. тілінің «refero» – хабарлаймын) –
ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша
түрде беру. Бұл студенттердің ӛзіндік ғылыми зерттеу жұмысы.
Мұнда студенттердің қарастырған мәселелерінің мән-мағынасы
ашылады, материал проблемалық сипатта баяндалады, әртүрлі
кӛзқарастар келтіріледі, сондықтан ол мәселеге ӛзінің жеке
кӛзқарасын білдіреді. Реферат кӛлемі 1,5 интервал арқылы
жазылған 5-15 бетті қамтиды.
Реферат тақырыбын таңдамас бұрын ӛзіңізді қандай мәселе
қызықтыратынын анықтап алу керек. Реферат жұмысын бастамас
бұрын жоспар құрып, әдебиеттерді таңдап алған жӛн. әуелі оқу
бағдарламасында ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, сонан соң
ақпараттың қайнар кӛзін кеңейтуге болады, жаңа ғылыми
ақпараттар беретін арнайы журналдар пайдаланылады.
Реферат құрылымы және безендірілуі:
титулдық бет;
жоспар;
кіріспе;
негізгі бӛлім;
қорытынды;
әдебиеттер тізімі.
Рефератты ӛңдеуде 8-10-нан кем емес әр түрлі әдебиеттер
пайдаланылады. Кесте, график, сызба енгізуге болады.
Рефератты бағалау:
тақырыпқа мазмұнның
сай келуі;
материалдың ӛзектілігі;
әдебиеттерді
дұрыс және толық пайдалану;
рефераттың безендірілуі.
Оқытушының шешіміне байланысты реферат семинарда
қарастырылуы мүмкін немесе оқытушы мен студенттердің
арасында жеке талданады.
Достарыңызбен бөлісу: