Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет106/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   257
136
6-тақырып. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ АҚПАРАТТЫ 
ҚОРҒАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:  Бағдарламалық қорғау əдістерінің жалпы бағыт-
тарын білу
Дəріс жоспары:
1. Қорғаудың бағдарламалық құралдарын пайдаланудың жал-
пы бағыттары
2. Техникалық құралдар мен файлдарды сəйкестендіру
3. Ақпаратқа қатынауға рұқсат алу
Негізгі түсініктер: Сəйкестендіру, пароль, қолтаңба 
Тақырыптың мазмұны: Құпия ақпараттың қауіпсіздігін 
қам   тамасыз ету үшін бағдарламаларды пайдаланудың:
• рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғау;
• көшіруден бағдарламаны қорғау;
• вирустан бағдарламаны қорғау;
• вирустан ақпаратты қорғау;
• байланыс арналарын бағдарламалық қорғау сияқты жалпы 
бағыттарын айтуға болады.
11-суретте қорғаудың бағдарламалық құралдарын пайда ла-
нудың бағыттары берілген.
Қауіпсіздік модельдерін дұрыс таңдау, соншалықты опера-
циялық жүйелер жөніндегі мамандардың ғана емес, сонымен бірге 
қауіпсіздік жəне құпиялық жөніндегі мамандардың да міндет-
тері болып саналады. Қолданылатын стандарттар модельдердің 
міндетті тізімін екі модельмен – қатынауды дискреттік жəне ман-
даттық басқарумен ғана шектейді. Осы екі модельдерді олар дың 
басым көпшілігі үшін қолдану толықтай жеткілікті болып сана-
лады. Модельдердің өзге түрлері, операциялық жүйелер (ОЖ) 
негізіне жататын модельдер ретінде кең түрде қолданылуға ие 


137
болған жоқ, əдетте, оларды қандайда бір қосымшаны жасау үшін 
пайдаланады. Бірақ, көптеген жүйелердің қатынауды дискреттік 
жəне мандаттық басқару модельдерін қолдамайтыны жəне тіпті 
бұл модельдерді жүйені ұйымдастыру принциптерін түбегейлі 
бұзусыз енгізуге мүмкіндік бермейтіні тарихи түрде қалыптасты. 
Осы модельдерді енгізу кезіндегі қиындықтар, оны жасаушылар 
тарапынан, оған жол беруге болмайды, өйткені ол қауіпсіздік 
модельдерін бұрмалауға жəне оны мүлтіксіз жүзеге асырмауға 
əкеледі деген белгілі бір келісімге келуге əкеліп соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет