Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік аудиті



Pdf көрінісі
бет141/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік аудиті 
Қауіпсіздік аудиті ұғымы. Аудит кəсіпорынның жұмыс істе-
уінің жекелеген салаларына тəуелсіз сараптама жасауды білдіреді. 
Оның ақпараттық жүйесі қауіпсіздігінің аудиті кəсіпорын аудиті 
құраушысының бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе қауіпсіздігі аудитінің өзек-
тілігі аса артып отыр. Бұл, ұйымдардың ақпараттарға жəне ақпа-
раттық жүйелерге тəуелділігінің ұлғаюымен байланысты деу 
керек. Ақпараттық жүйелер элементтерінің күрделене түсуі, де-
ректерді беру мен сақтаудың жаңа технологияларының пайда бо-
луы, бағдарламалық қамтамасыздандыру көлемінің ұлғаюы есе-
бінен ақпараттық жүйелердің осал тұстары да көбеюде. 
Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігінің аудиті ұйым басшылары 
мен қызметкерлеріне:
•  бизнесті дамыту кезінде қолда бар ақпараттық жүйелерді 
қалай оңтайлы пайдалануға болады;
• қатынауды бақылау мен оның қауіпсіздік мəселелері қалай 
шешіледі;
• ақпараттық жүйелерді басқару мен мониторингінің бірыңғай 
жүйесін қалай орнатуға болады;
• құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыздандыруға 
жаңғыртуды қашан жəне қалай жүргізуге болады;
•  ұйымның ақпараттық жүйесіне құпия ақпараттарды орна-
ластыру кезінде тəуекелдерді қалай азайтуға болады, сондай-ақ 
анықталған проблемаларды шешудің жолдарын қалай белгілеуге 
болады деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Осы жəне өзге осындай сұрақтарға лезде біржақты жауап бе-
руге болмайды. Проблемалар арасындағы бүкіл өзара байланы-
старды қарастыра отырып қана, сенімді жəне негізді ақпарат алуға 
болады. Аудит өткізу ақпараттық жүйенің ағымдағы қауіпсіздігін 


212
бағалауға, тəуекелдерді бағалауға, ұйымның бизнес-үдерістеріне 
олардың əсерін болжауға жəне басқаруға, ұйымның ақпараттық 
қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесіне негізді 
түрде келуге мүмкіндік береді. 
Ақпараттық жүйе қауіпсіздігінің аудит өткізу мақсаттары:
• ақпараттық жүйенің қозғалушылық ағымдағы деңгейін ба-
ғалау;
• ақпараттық жүйені қорғау жүйесіндегі осал тұстарды лока-
лизациялау;
•  ақпараттық жүйе қорларына қатысты қауіпсіздікке қатер 
төндіруді жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты тəуекелдерді 
талдау; 
• ақпараттық жүйе қауіпсіздігінің жаңа тетіктерін енгізу мен 
қолданылатын тетіктердің тиімділігін арттыру бойынша ұсы-
нымдар əзірлеу;
•  ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 
стандарттарға сəйкестігін бағалау.
Ақпараттық жүйе аудитінің қосымша міндеттерінің санына, 
сондай-ақ ұйым қауіпсіздігінің саясатын жетілдіру жөніндегі 
ұсынымдар əзірлеу мен ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету-
ге қатысты ақпараттық технологиялар персоналына міндеттердің 
қойылысы кіруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет