Деректерді шифрлау. Деректерді шифрлау утилиті ақпаратты
желіге жіберер алдында кодтайды. Егер біреу кенеттен кабельге
қосылса, бұл жағдай желі бойынша жіберіліп жатқан деректерді
оқуды өте қиындатады. Деректер тиісті компьютерге түскеннен
кейін, олар кодталған ақпараттың мағынасын ашатын код-кілттің
көмегімен түсінікті пішінге келтіріледі. Жетілдірілген шиф-
рлау сызбалары шифрлауды жəне мағынасын ашуды автомат-
тандырады. Ең жақсы шифрлау жүйелері арнайы аппаратураға
негізделген, олардың құны өте жоғары болады.