Вирустар жəне «трояндық ат» түріндегі қосымшалар.
Ақырғы пайдаланушылардың жұмыс стансалары вирустар мен
218
«трояндық аттарға» осал болады. Вирустар дегеніміз зиянды
бағ дарламалар, олар басқа бағдарламаларға сіңдіріліп, ақыр-
ғы пайдаланушылардың жұмыс стансаларында жағымсыз қыз-
меттер орындатады. Мысал ретінде command.сom файлына жа-
зылып, басқа файлдарды жояды, сонымен қатар барлық табылған
command.сom версияларына жұғады. «Трояндық ат» бағдар-
ламалық қоспа емес, кəдімгі бағдарлама, ол пайдалы қосымша
тəрізді болып көрінеді, бірақ іс жүзінде қирату қызметін атқарады.
Желілік барлау. Бұл жалпы қол жетерлік деректер мен қо-
сымшалар көмегімен желі туралы ақпарат жинайды. Хакер
белгілі бір желіге қарсы шабуылды дайындар алдында, əдетте,
ол туралы мүмкін болғанша көп ақпарат алуға тырысады.
Желілік барлау DNS сұранымы, эхо-тестілеу жəне порттарды
сканерлеу пішінінде жүргізіледі. DNS сұранымы домендерге
кім ие жəне осы доменге қандай мекенжайлар меншіктелгенін
білуге көмектеседі. DNS көмегімен ашылған мекенжайларды
эхо-тестілеу арқылы осы ортада қандай хостылар нақты жұмыс
атқаратынын көруге болады. Хостылар тізімін алып, хакер осы
хостылар қолдайтын қызметтің толық тізімін құрау үшін порттар-
ды сканерлеу құралдарын пайдаланады. Ең соңында «барлаушы»
хостыда жұмыс істейтін қосымшалардың сипаттамаларын тал-
дайды. Нəтижесінде, шабуыл жасауға пайдаланылатын ақпарат
тауып алынады.
Жоғарыда келтірілген шабуылдардың мүмкін екендігін мы-
нандай себептер арқылы көруге болады:
• біріншіден, жіберушіні бірегейлендіру тек қана оның IP-
мекенжайымен жүзеге асырылады;
• екіншіден, бірегейлендіру процедурасы тек қосылысты ор-
нату кезеңінде орындалады – əрі қарай қабылданатын дестелердің
түпнұсқалылығы тексерілмейді;
• үшіншіден, жүйеге қатысы бар ең маңызды деректер желі
бойынша шифрланбаған түрде жіберіледі.
Заңды сұрақ туындайды: Интернетке қосылған желінің неше
əлеуеттік осал жерлері бар? Internet Security Systems компания-
сы мамандары TCP/IP хаттамасына негізделген кез келген желіде
рұқсатсыз қатынаудың 135-ке жуық əлеуеттік арналары бар деп
есептейді.
|