266 Компьютерлік вирустардың негізгі топтары. Қазіргі уа-
қытта бірнеше мың бағдарламалық вирустар белгілі. Мекендеу
ор
тасына байланысты оларды желілік, файлдық, жүктеуші жəне файлдық-жүктеуші вирустарға бөлуге болады.
Жүктеуші вирустар екі бөліктен тұрады: «басы» жəне «құй-
рығы». Құйрығы, жалпы айтқанда, бос болуы мүмкін. Дискетаға
жұғып вирус мынандай іс-қимылдарды жасайды:
• дискінің кейбір аймағын бөліп алады, оған амалдық жүйе
бармайтындай етіп белгілейді, мұны əртүрлі істеуге болады,
қарапайым жəне дəстүрлі жағдайда вируспен қамтылған сектор-
ларды жаңылысқан деп белгілеп қояды;
• дискінің бөліп алынған аймағына өзінің құйрығын жəне
бірегей (сау) жүктеу секторын көшіреді;
• жүктеу секторында бастапқы жүктеу бағдарламасының ор-
нын өзінің басымен баса тұрады;
• сызба бойынша басқаруды жіберу тізбегін ұйымдастырады.
Сонымен, енді вирустың басы басқаруды бірінші алады, ви-
рус жадқа тұрақтайды жəне басқару бірегей (сау) жүктеу секто-
рына беріледі.