264
10-тақырып. КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты: Компьютерлік вирустардың жіктелуін оқып-білу,
негізгі топтарын қарастыру
Дəріс жоспары:
1. Компьютерлік вирустардың іс-қимыл принциптері
2. Компьютерлік вирустардың негізгі топтары
3. Алгоритм ерекшеліктері бойынша компьютерлік вирустар-
ды сыныптау, мекендеу ортасына жұғу тəсілдері
Негізгі түсініктер: Компьютерлік вирустар, желілік, файлдық,
тиеуші вирустар.
Тақырыптың мазмұны: Компьютерлік вирус дегеніміз
бағдарлама, ол мөлшері жағынан кіші (2-ден 5000 байтқа дейін),
өздігінен іске қосылады, өз кодын басқа бағдарламалардың код-
тарына жалғастыра отырып көп қайтара көшіреді жəне компь-
ютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасайды, магниттік дис-
кілерде сақталатын ақпаратты (бағдарламаларды жəне дерек-
терді) бүлдіреді.
Компьютерлік вирустарды жасауды заңгерлік тұрғыдан қыл-
мыс ретінде қарауға болады.
Компьютерлік вирустың толық өмірлік циклына:
• енгізу;
• инкубациялық кезең;
• репродукциялау;
• деструкция (бүлдіру функциясы) кіреді.
Дербес компьютердің жадына қаскүнемнің вирусты орналас-
тырған бағдарламасымен бірге енгізілуі мүмкін. Бағдарламаның
іске қосылуы вирусты да іске қосады. Вирустың белсендірілу
кезінен бұрын инкубациялық кезең болады, ол бірнеше күннен
бірнеше айға созылуы мүмкін, бұл вирустың дербес компью-
265
терге енгізу көзін жасыруға мүмкіндік береді. Инкубациялық
кезең аяқталғаннан кейін вирус белсендіріледі, жадтың басқа
кі руге болатын жерлеріне репродукцияланады. Мұнда ол басқа
бағдарламаларға тіркелінуі немесе енуі мүмкін. Бағдарлама-
вирус белсенді жағдайда болғанда өзінің деструкциялық қызметін
жүзеге асырады.
Вирустың компьютерге енуінің негізгі жолы алып-салмалы
дискілер (иілгіш жəне лазерлік), сонымен қатар компьютерлік
желілер болып табылады. Қатты дискінің вирусты жұқтыру виру-
сы бар дискетадан бағдарламаны жүктеген кезде болуы мүмкін.
Мұндай жұқтыру кездейсоқ болуы да мүмкін, мысалы, егер дис-
кетаны А дискжетекшіден алмай компьютерді қайта жүктеу,
мұнда дискета жүйелік болмауы да мүмкін. Дискетаға вирусты
жұқтыру өте оңай, мысалы, жұқтырылған компьютерге мазмұнын
оқу үшін дискетаны дискжетекшіге салса болды.
Вирус, дағды бойынша, жұмыс бағдарламасына былай енгі-
зіледі, ол бағдарламаны іске қосқанда басқару əуелі ви русқа бері-
ліп, оның барлық бұйрықтары орындалғаннан кейін ғана қайта-
дан жұмыс бағдарламасына қайтады. Басқаруға қол жеткізгеннен
кейін вирус əуелі өзін-өзі басқа жұмыс бағдарламасына қайта жа-
зып жəне оған жұғады. Вирус бар бағдарламаны іске қосқаннан
кейін, басқа файлдарға да жұқтыруға мүмкіндік туғызылады.
Ең жиі вирусты жұқтыратын дискінің жүктеу секторы мен EXE,
COM, SYS, BAT кеңейтулері бар, орындалатын файлдар болып
табылады.
22-сурет. Компьютерлік вирустардың негізгі топтары
18–1525
|