Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Құрттар деп аталатын вирус-репликаторлар



Pdf көрінісі
бет184/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   257
Құрттар деп аталатын вирус-репликаторлар, олар компь-
ю 
 
терлік желілер бойынша таралады, желілік компьютер 
лердің 
мекенжайын есептейді жəне осы мекенжай бойынша өз көшір-
мелерін жазады.
Стелс-вирустар деп аталатын көрінбейтін вирустар, бұларды 
табу жəне жою өте қиын, өйткені дискілердегі зақымданған файл-


270
дар мен секторларға амалдық жүйенің қатынасуын ұстап қалады 
жəне өзінің денесінің орнына дискінің зақымданбаған телімін 
ауыстырып қояды.
Вирус-мутанттарды табу өте қиын, бұларда шифрлеу – ма-
ғынасын ашу алгоритмдері болады, сондықтан бір вирустың кө-
шірмелерінде бірде-бір қайталанатын байттар тізбесі болмайды.
Квазивирустық немесе «трояндық» деп аталатын бағдар-
ламалардың өздігінен таралу мүмкіндігі болмайды, бірақ өте 
қауіпті, өйткені пайдалы бағдарлама ретінде бүркемеленіп дис-
кілердің жүктеу секторы мен файлдар жүйесін бүлдіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
•  Компьютерлік вирус – бұл компьютерде өздігінен көбейе-
тін, сонымен қатар басқа нысандарға байланыс арналары неме-
се магниттік тасымалдаушылар арқылы жіберілетін мүмкіндігі 
бар жəне компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасайтын 
бағдарлама.
•  Құрылымы жағынан компьютерлік вирусты екі бөліктен 
тұрады деп қарастырады: «басы» жəне «құйрығы». «Басы» деп 
басқаруды бірінші алатын бөлігін айтады. Вирустың «құйрығы» 
бұл басынан бөлек орналасқан вирустың бөлігі.
• Желілік вирустар əртүрлі компьютерлік желілерде тараты-
лады.
•  Файлдық вирустар көбінесе орындалатын модульдерге
яғни COM жəне EXE кеңейтілулері бар файлдарға енеді. Файл-
дық вирустар файлдардың басқа түрлеріне де енуі мүмкін, дағ-
дыдағыдай, олар ешқашан басқаруды ала алмайды, сондықтан 
көбею мүмкіндігін жояды.
•  Жүктеуші вирустар дискінің жүктеуші секторына (boot-
сектор) немесе жүйелік дискінің жүктеуші бағдарламасы бар сек-
торына енеді.
•  Файлдық-жүктеуші вирустар файлдарға да, дискілердің 
жүктеуші секторларына да жұғады.
• Резиденттік вирус компьютерге жұққанда өзінің резиденттік 
бөлігін жедел жадта қалдырады, ол кейін амалдық жүйенің жұғу 
нысандарына (файлдарға, дискінің жүктеу секторына жəне т.б.) 
қарауын ұстап қалып оларға енеді. Резиденттік вирустар жадыға 


271
орналасады жəне компьютер сөндірілгенше немесе қайта тиген-
ше белсенді болады.
•  Резиденттік емес вирустар компьютер жадына жұқты рыл-
майды жəне шектелген уақытқа белсенді болады.
•  Əсер ету дəрежесі бойынша вирустарды қауіпсіз, қауіпті 
жəне өте қауіпті деп бөлуге болады.
•  Алгоритмнің жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша компь-
ютерлік вирустарды паразиттік, көрінбейтін, трояндық, реплика-
торлар жəне мутанттар деп сыныптауға болады.
• Ерекше қарым-қатынасты талап ететін компьютерлік виру-
стар тобы болады, оларға стандарттық емдеу əдістерін қолдану 
ақпаратты жоғалтуға əкеп соғуы жəне вирустан емдемеуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет