Арналы əдістері жалғанкездейсоқ тізбектер (ЖКТ) ұзын-
дығына байланысты шартты түрде шекті қысқа, шекті ұзын жəне
шексіз шифрлауға бөлінеді.
Екікілттік əдістерде ақпаратты шифрлауға бір кілт, ал де-
шифрлау үшін басқа кілт пайдаланылады. Бұл кілттердің біреуі
құпия, ал екіншісі ашық кілт болуы керек. Бұл жағдайда өзара
бірмəнділік шарты орындалмайды, мұндай шифрлау əдістерін
асимметриялық деп атайды.
Қорғаулық түрлендіру əдістеріне қойылатын негізгі талаптар
мыналар:
• шифрланған мəтінге ғана ие бола отырып, бастапқы мəтінді
ашу əрекетіне қолданылатын əдіс жеткілікті түрде орнықты бо-
луы керек;
• кілттің көлемі оны еске сақтауда жəне жіберуде қиындық
келтірмеуі қажет;
• ақпаратты түрлендіру алгоритмі жəне шифрлау мен де-
шифрлауға пайдаланатын кілт өте күрделі болмауы керек: бері-
лген ақпаратты сақтау деңгейіне қорғаулық түрлендіру шы ғын-
дары сай болуы қажет;
• шифрлаудағы қателер ақпараттың жоғалуын тудырмауы ке-
рек;
• шифрланған мəтіннің ұзындығы бастапқы мəтіннің ұзынды-
ғынан артық болмауы қажет;
• ақпаратты шифрлау жəне дешифрлеуге қажет уақыттық жə-
не құндық қорлар ақпаратты қорғауға керекті дəрежемен анық-
талады.