Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет233/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Сауда белгісі нақты өнімді сатуға болатын бейнелемені (сим-
воликаны) қорғайды.
Патенттік қорғау бағдарламалық өнімге енгізілген идеяның 
жүзеге асырылу тəсілін қорғауды қамтамасыз етеді. Еуропалық 
патенттер бюросы 1985 жылы жаңа нұсқаулықтарды қабылдады. 
Олар жаңалық элементтері бар бағдарламаларды зерттеу жəне 
тексеру тəсілдерін анықтайды. Бұл нұсқаулық өндірушілер мүд- 
десін есепке алады. Жаңалық (əдіс, алгоритм, технология) 
фактісі, мысалы, виртуалдық жадтың бағдарламалық-басқару жү-
йесі патенттеледі. Егер патенттік қабілет мойындалса, онда өнім, 
үдеріс немесе зерттеу тəсілі жаңалық болып есептеледі.
Ұлыбританияда 1709 жылы авторлық құқықты қорғау актісі 
қабылданған болатын. Авторлық куəлік кез келген шығармашылық 
зерттемеге автоматты түрде беріледі жəне берілген уақыттан
автордың қайтыс болғанынан кейінгі 50 жылға жарамды болады.
Авторлық құқық актісі:
• көбейтуге (жаңғыртуға);
• жариялауға;
• көпшілікке таныстыруға;
• абонеттерге жіберуге;
• кез келген пішінге бейімдеуге тыйым салады.


347
Осылардың бəрі автордың келісімімен атқарылуы қажет. Ав-
торлық құқықты бұзу қылмыстық түрде жазаланады. Авторлық 
құқық иесі залалды: 
• залалдың орнын толтыру;
• алынбай қалған пайданы есептеу;
• ұрланған көшірмелерді қолданылудан алып тастау ордері;
• сот өкімі түрінде қайтара алады.
Жалпы жағдайда рұқсатсыз көшіруден қорғаудың техникалық 
жүйесі онымен байланыстырылған, қорғалатын бағдарламалық 
модульді жасырын көшіруді қиындататын құралдар кешені бо-
лып табылады (34-сурет). 
Қазіргі уақытта мынадай негізгі талаптармен анықталатын 
рұқсатсыз көшіруден қорғау жүйесі құрылымын тұрақтанған деп 
есептеуге болады:
•  қорғау жүйесі бағдарламаны рұқсатсыз іске қосу фактісін 
табуы керек;
•  қорғау жүйесі бағдарламаны рұқсатсыз іске қосу фактісін 
сезуі керек;
•  қорғау жүйесі қаскүнемнің мүмкін болатын шабуылына 
төтеп беруі керек.
Рұқсатсыз көшіруден қорғау жүйесі: қорғау жүйесі тетіктерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет