58
• сыртқы есте сақтайтын құрылғыларда
болатын ақпараттарға
қатынау қатерлері, мысалы, қатты дискіден құпия ақпараттарды
рұқсатсыз көшіру;
• жедел жадта болатын ақпараттарға қатынау қатері, мыса-
лы, жедел жадтан қалдық ақпараттарды оқу, қолданбалы бағ-
дарламалар жақтан жедел жадтың жүйелік аймағына қатынау;
• байланыс желілерінде айналып жүрген ақпараттарға қа-
тынау қатері, мысалы, байланыс желілеріне
кейін жалған хабар-
ларды енгізумен немесе берілетін хабарларды түсіндірумен,
заңсыз қосылу, кейіннен іріткі салатын ақпаратты енгізумен жəне
жалған хабарларды оған таңумен заңды пайдаланушыны тікелей
алмастыру мақсатында байланыс желілеріне қосылу;
• терминалда көрсетілетін немесе принтерде басылып шы-
ғатын ақпараттарға қатынау қатері, мысалы, бейнеленетін ақ-
параттарды жасырын бейне камераға жазу.
Жоғарыда айтылғандай, автоматтандырылған жүйеге қауіпті
əсер кездейсоқ жəне əдейіге бөлінеді. Автоматтандырылған жүй-
ені жобалау, жасау жəне пайдалану тəжірибесін
талдау көр сет-
кендей, ақпарат автоматтандырылған жүйенің жұмыс істеуі мен
өмірлік циклдің бүкіл кезеңдерінде əртүрлі кездейсоқ əсер лерге
тартылады.
Автоматтандырылған жүйені пайдалану кезінде:
• табиғат апатынан жəне электрқорегін ағытудан болатын
авариялық ахуалдар;
• бағдарламалық қамтамасыздандырудағы қателіктер;
• қызмет көрсететін персонал мен пайдаланушылар жұмы-
сындағы қателіктер;
• сыртқы ортаның əсерінен байланыс
желілеріндегі кедергілер
кездейсоқ əсер себептері болып саналады.
Бағдарламалық қамтамасыздандырудағы қателіктер компь-
ютерлік бұзушылықтардың таралған түрі болып табылады. Бағ-
дарламалық қамтамасыздандыру серверлерін, жұмыс стансала-
рын, маршруттаушыларды жəне т.б. жазған адамдардың өздері,
сондықтан онда тəжірибеде əрқашан қателіктер болады. Осын-
дай бағдарламалық қамтамасыздандыру неғұрлым күрделі болса,
ондағы қателік пен оның осал тұстарын анықтау ықтималдығы
да соғұрлым жоғары келеді. Олардың көпшілігінің ешқандай
59
қауіптілігі жоқ,
бірақ олардың кейбірі, қаскүнемнің серверді ба-
қылауға алуы, сервердің жұмыс қабілетсіздігі, қорларды (компь-
ютерді шабуыл үшін қорғаныс-қалқан ретінде пайдалану) рұқ-
сатсыз пайдалану сияқты қиын салдарларға əкелуі мүмкін. Əдетте,
осындай қателіктер бағдарламалық қамтамасыздандыруды өнді-
рушілер үнемі шығаратын, жаңартатын пакеттер көмегімен жо-
йылады. Осындай пакеттер орнату ақпараттар қауіпсіздігінің қа-
жетті шарты болып саналады.
Əдейілеп жасалған қатерлер бұзық
ниеттінің мақсатты бағыт-
талған əрекеттерімен байланысты. Қызметкер, келуші, бəсеке лес,
жалданбалы жəне т.б. бұзық ниетті болуы мүмкін. Бұзық ниет-
тінің əрекеті əртүрлі себептермен: қызметкерлердің өз мансабы-
на риза болмаушылығымен, материалдық мүддемен (пара алу),
қызығушылық танытумен, бəсекелестік күреспен, кез келген жол-
мен өзін көрсету жəне т.б. сияқтымен байланысты болуы мүмкін.
Бұзық ниеттінің əрекеттерімен
байланысты, неғұрлым қауіп-
ті жағдайлардың туындау мүмкіндіктеріне сүйеніп, əлеуетті бұ-
зушының гипотетикалық модулін жасауға болады:
• бұзушының біліктілігі аталған жүйені жасаушының дең-
гейінде болуы мүмкін;
• бұзушы бөтен адам, сол сияқты жүйенің заңды пайдалану-
шысы да болуы мүмкін;
• бұзушыға жүйенің жұмыс принциптері туралы ақпарат бел-
гілі;
• бұзушы қорғаныстың неғұрлым əлсіз буынын таңдап алады.
Жекелей алғанда, банктік автоматтандырылған жүйе үшін:
• банк қызметкерлерінің қатарына жатпайтын,
адамдардың
рұқсатсыз қатынауы, сақталатын құпия ақпаратпен танысу;
• банк қызметкерлерінің, олар қатынауға тиіс емес ақпа рат-
тармен танысуы;
• бағдарламалар мен деректерді рұқсатсыз көшіру;
• құпия ақпарат бар магниттік тасымалдаушыларды ұрлау;
• қағазға басып шығарылған
банк құжаттарын ұрлау;
• ақпараттарды қасақана жою;
• банк қызметкерлерінің қаржылық құжаттарды, есептілік-
терді жəне деректер қорын рұқсатсыз түрлендіруі;
• байланыс арналары бойынша берілетін хабарларды сапыры-
стыру;
60
• байланыс арналары бойынша берілген хабарлар автор лы-
ғынан бас тарту;
• ақпараттар
алу фактісінен бас тарту;
• бұрын берілген хабарды күштеп таңу;
• вирустық əсерлерден туындаған ақпараттарды бүлдіру;
• магниттік тасымалдаушыларда сақталатын, мұрағаттағы
банк ақпараттарын бүлдіру;
• құрал-жабдықты ұрлау сияқты əдейі жасалатын қатерлерді
бөліп көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: