128
ҚОРЫТЫНДЫ
• Ақпаратты қорғау құралдары жəне тəсілдері
кешеніне
кедергі, қатынауды басқару, бүркемелеу, тəртіп белгілеу, мəжбүр
ету тəсілдері, ұйымдастыру, заңнамалық,
моральдық-этикалық,
формалды, бейресми қорғау құралдары жатады.
• Ақпаратты қорғау мəселелері қорғаудың заңнамалық аспек-
тілерінен бастап нақты техникалық құрылғыларға дейінгі кең
өрісті қамтиды.
• Қорғау құралдары пайдаланушыға ол көшірмені алып жəне
оны орындауға əрекет жасағанға дейін байқалмайтын болуы ке-
рек.
• Бағдарламалық қамтамасыздандырумен қоса жүретін құ-
жаттама,
шектелген қолданыс, арнайы мақсатқа бағдарламалық
қамтамасыздандыруды əзірлеудегі тапсырыстық жобалау, автор-
лық құқықты тіркеу өзіндік қорғаудың негізгі элементтері болып
табылады.
• Есептеу жүйесінің құрамындағы
қорғау құралдарын пай-
далану бағдарламалық өнімнің жұмысында белгілі бір іс-қи-
мылдарды, арнайы сақтық шараларын жəне қорғауға кепілдік
беретін шарттарды орындауға бағытталады.
• Есептеу жүйесінің құрамындағы қорғау құралдарына ап-
паратураның
арнайы сипаттамалары, магниттік дискілерді қорғау,
қорғау құлпы жəне жүйе қызметінің өзгеруіне негізделген қорғау
əдістері жатады.
• Белсенді қорғау құралдары – бұл дұрыс пароль енгізбеген-
дей, мезгіл немсе
уақыт дұрыс көрсетілмегенде, бұзушы жағы-
нан тиісті емес іс-əрекет пайда болғанда қолданылатын құралдар.
Мұнда қорғау құралы дабылды іске қосады жəне ақпаратқа
қатынауды бұғаулайды.
• Енжар қорғау құралдарына қылмыстың ашылуына жағ дай
жасайтын айғақты іздеуге жəне заңсыз көшіруді дəлелдеуге ба-
ңытталған əдістер жатады.
• Бағдарламалық өніммен ақпаратқа
қатынауды қиындататын
жұмыс істегенде қосымша ақпаратты талап ету, парольдер, кілт
нөмірлері жəне басқаларды ақпаратты сұратып қорғаудың негізі
болып табылады.